Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О районном бюджете Федоровского района на 2009 год

Өзге акт · № 124 · қабылданған 22.12.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43137/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О районном бюджете Федоровского района на 2009 год Қолданыста 22.12.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О районном бюджете Федоровского района на 2009 год

Қолданыста Өзге акт № 124 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О районном бюджете Федоровского района на 2009 год
Атауы (қаз.)
Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
124
Қабылданған күні
22.12.2008
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2009
Көрсетілген редакция
22.12.2008 43137_295032.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08NT000140
ЭКБ идентификаторы
43137
Редакция идентификаторы
43137_295032
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:18
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Федоров ауданы әкімдігінің қаулысын қарастыра отырып, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 85-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер -1111673 мың теңге, оның ішінде:

салық түсімдері - 381403 мың теңге;
салыққа жатпайтын түсімдер - 2516 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2000 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 725754 мың теңге;

2) шығындар - 1111673 мың теңге.

2. Аудан бюджетіне түсімдер:

Аудандық бюджетке түсетін салық түсімдері мыналар:

1) жеке табыс салығы;

2) әлеуметтік салық;

3) жеке және заңды тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салық;

4) жер салығы;

5) біртұтас жер салығы;

6) көлік құралдарына салық;

7) белгіленген салықтар;

8) акциздер;

9) жер учаскелерін пайдалануға төлем;

10) жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;

11) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым;

12) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін және филиалдар мен өкілдіктерді есептік, сондай-ақ қайта тіркегені үшін алым;

13) аукциондардан алым;

14) механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркелгені үшін алым;

15) жылжымайтын мүлікті және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;

16) жылжымалы мүліктің кепілдігін мемлекеттік тіркегені үшін алым;

17) ортақ пайдаланудағы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бөлінген белдеулерінде және елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру үшін төлем;

18) республикалық бюджетке қосылатын мемлекеттік баждардан консулдық алымнан басқа мемлекеттік баж.

Аудандық бюджетке түсетін салық емес түсімдер мыналар:

1) коммуналдық меншіктен түсімдер;

2) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) іске асырудан түсімдер;

3) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен ұйымдастырылатын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден ақша түсімдері;

4) аудан бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен салынатын айыппұлдар, өсім, санкциялар, жазалар;

5) басқа да салық емес түсімдер.

Негізгі капиталды сатудан аудан бюджетіне түсетін түсімдер мыналар:

1) мемлекеттік меншікті сатудан түсетін ақша;

2) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін алмағанда жер учаскелерін сатудан түсімдер;

3) жер учаскелерін жалға алу құқығын сатқаны үшін төлем.

Облыстық бюджеттен ресми трансферттер түсімдері.

3. Ауданның 2009 жылға арналған бюджетінің кірістерінде сумен қамту жүйесін дамытуға арналған 18000 мың теңге сомасында мақсаттық трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.

4. Ауданның 2009 жылға арналған бюджетінің кірістерінде облыстық бюджеттен ағымдағы мақсаттық трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:

1) білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6792 мың теңге сомасында;

2) коммуналдық меншік объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 16600 мың теңге сомасында;

3) жастарға әлеуметтік көмек көрсетуге, білім алуға байланысты шығындарды ішін-ара өтеу үшін (әкім гранттары) 1670 мың теңге.

5. Федоров ауданы әкімдігінің 2009 жылға арналған резерві 3859 мың теңге сомасында, оның ішінде:

шұғыл жұмсалатын шығындарға 3859 мың теңге сомасында бекітілсін.

6. 2009 жылға арналған ауданды дамыту бюджеттік бағдарламалар тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2009 жылға арналған аудандық бюджетті орындау үдерісінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізімі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

8. 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

9. Осы шешім 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті

Мәслихаттың

2008 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 124 шешіміне

1-қосымша

Федоров ауданының 2009 жылға арналған аудандық бюджеті

2009 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі

Мәслихаттың

2008 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 124 шешіміне

2-қосымша

2009 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың бюджеттік бағдарламалар тізбесі

2009 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу процессінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

Мәслихаттың

2008 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 124 шешіміне

3-қосымша

2009 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылу процессінде секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары

Мәслихаттың

2008 жылғы 22 желтоқсандағы

№ 124 шешіміне

4-қосымша

2009 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік бағдарламалары