Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 366 · қабылданған 25.11.2008
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43141/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста 25.11.2008 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қолданыста Қаулы № 366 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
366
Қабылданған күні
25.11.2008
Қолданысқа енгізілген күні
27.01.2009
Көрсетілген редакция
25.11.2008 · қолданыстағы AI43141_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08GF000061
ЭКБ идентификаторы
43141
Редакция идентификаторы
AI43141_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:31
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы негізінде, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. "Меркі ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш. Абылқасымов) ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезінде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.

4. Қоғамдық ақылы жұмысқа қатысқан азаматтардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін және оларды қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.

5. "Меркі ауданы әкімиятының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ. Байжанов) қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақытылы қаржыландыру және қаражаттардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан Әкімінің орынбасары Т. Рысқұлбековке тапсырылсын.

7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

Меркі ауданы әкімиятының

2008 жылғы 25 қарашадағы

№ 366 қаулысына № 1 қосымша

2009 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі

2009 жылы қоғамдық жұмыстар келесі ұйымдарда жүргізілсін:

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Меркі ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Сарымолдаев ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Ойтал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Андас батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Ақарал ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Аспара ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Акермен ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Т. Рыскұлов ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Жаңатоған ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Сұрат ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі;

Жамбыл облысы, Меркі ауданы "Тәтті ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.

2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Меркі ауданы әкімиятының

2008 жылғы 25 қарашадағы

№ 366 қаулысына № 2 қосымша

2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

Жұмыс түрлері
Жұмыс жағдайлары
Көлемі
Сұраныс
Ұсыныс
1
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру көгеріштендіру және тазалық жұмыстары)
1. Арық тазалау
2. Қоқыс шығару
3. Бағаналарды сырлау
4. Аялдамаларды сырлап, әктеу
Қажет-
тілігі-
не
сәйкес
118
65
2
"Жасыл ел" бағдарламасы бойынша егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету
1. Талдарды суғару
2. Талдардың түбін әктеп ретке келтіру
Қажет-
тілігі-
не
сәйкес
5
5
Барлығы
123
70