Құжат мәтініне өту

О направлении безработных на общественные работы в 2009 году

Қаулы · № 576 · қабылданған 18.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43224/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О направлении безработных на общественные работы в 2009 году Күшін жойған Қаулы ·№ 576 ·18.12.2008
10.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О направлении безработных на общественные работы в 2009 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 576 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О направлении безработных на общественные работы в 2009 году
Атауы (қаз.)
2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
576
Қабылданған күні
18.12.2008
Көрсетілген редакция
10.12.2009 43224_178103.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KG000075
ЭКБ идентификаторы
43224
Редакция идентификаторы
43224_178103
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:24

0 2009 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Қалалық бюджеті қаражаты есебінен қаржыландырылатын қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында, 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңын, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысының 1 тармағындағы 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылы жұмыссыз адамдар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімдері, қоғамдық жұмыстардың түрлері бекітілсін (1 қосымша).

2 2. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (К.О. Тұңғышбаева):

1 1) 2009 жылға арналған қала бюджетінен қарастырылған қаражат шегінде және бекітілген тізімге сәйкес жұмыссыз азаматтарды уақытша қоғамдық жұмыстарға жіберуді қамтамасыз етсін;

2

2) Қазақстан Республикасы халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде (N 1904) тіркелген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" N 91-б бұйрығына қоса берілген 4 қосымшаға сәйкес жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру шартын жасасын;

3 3) қала халқын, сондай-ақ кәсіпорындарды және ұйымдарды қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу, олардың еңбек ақысын төлеу тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз етсін.

3 3. Қоса берілген 2009 жылға арналған жұмыссыздардың еңбек ақы төлеу мөлшері, 2009 жылға белгіленген айлық төменгі еңбекақыдан кем емес мөлшерде, атқарылатын жұмыс күрделігі, саны және сапасына сүйене отырып бекітілсін (2 қосымша).

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық "Ваша газета" газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінгі 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

5 5. Саран қаласының әділет басқармасында (N 8-7-54) тіркелген Саран қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы "2008 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы" N 807 қаулысының күші жойылған деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.

"КЕЛІСІЛГЕН"
N
р/н
Датасы
Нормативтік құқықтық акт
Лауазымы
Қолы, мөр
1.
19.12.2008
Ескертусіз келісілген
Саран қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы - Абишев Кайрат Балташевич
2.
19.12.2008
Ескертусіз келісілген
Саран қаласының салық басқармасының бастығы - Ефанов Алексей Иванович

10 1-қосымша

Саран қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 576 қаулысына
2009 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын қала ұйымдарының тізімі және олардың түрлері
N
Жұмыстар түрі
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны
Жұмыс берушілер
1
Қала аумағын экологиялық сауықтыру, көркейту, көгалдандыру, ауланы жинау
40
"Абаттандыру" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
2
Қаланың бюджеттік ұйымдарындағы қосалқы жұмыстар
80
Қаланың бюджеттік, денсаулық сақтау ұйымдары
3
Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету
20
Қаланың бюджеттік, білім беру ұйымдары
4
Мәдени шаралар өткізу
15
Мәдениет мекемелері
5
Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына қызмет және көмек көрсету
45
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
6
Бюджеттің кіріс бөлігін арттыру үшін салық органдарына көмек көрсету
30
Саран қаласы бойынша салық басқармасы
7
Саран қаласы бойынша әскерге шақыру және тіркеу компаниясын өткізу
15
Қалалық қорғаныс бөлімі
8
Шағын бизнесті дамытуда ұйымдарға көмек көрсету
35
Жаңа жұмыс орындарын құрушы, және істеп тұрған орындарды сақтаушы, жұмыс берушілерді ынталандыру
9
Ауылшаруашылық жұмыстар
10
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері
10
Құжаттамалармен техникалық жұмыс бойынша көмек көрсету
10
Саран қаласының ішкі істер бөлімі
БАРЛЫҒЫ:
300

11 2-қосымша

Саран қаласы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы
N 576 қаулысына
Қоғамдық жұмысқа қатыстырылған жұмыссыздардың 2009 жылға арналған еңбек ақы төлеу мөлшері құрайды:
N
Жұмыстар түрі
Бір жұмыссызға еңбек ақы төлеу мөлшері
Жұмыс режимі
Бес күндік жұмыс аптасы
Алты күндік жұмыс аптасы
1.
Ашық ауада ауыр дене күшінің жүктемесіне байланысты жұмыстар, (көркейту, қаланы тазалау, құрылыс және жөндеу жұмыстары)
1,5 минималды еңбек ақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
8 сағаттық жұмыс аптасы
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы
2.
Дене күшінің жүктемесіне байланысты ауыр емес және үй - жайларда атқарылатын жұмыстар
1 минималды еңбек ақы
40 сағаттық жұмыс аптасы
40 сағаттық жұмыс аптасы
8 сағаттық жұмыс аптасы
6 сағат 40 минут жұмыс аптасы

Қолданыстағы