Құжат мәтініне өту

Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Өзге акт · № 16-12 · қабылданған 19.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43306/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 16-12 ·19.12.2008
25.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 16-12 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы
Атауы (қаз.)
Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
16-12
Қабылданған күні
19.12.2008
Көрсетілген редакция
25.04.2009 · қолданыстағы AI43306_1.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZM000090
ЭКБ идентификаторы
43306
Редакция идентификаторы
AI43306_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:22

0 Аудан бойынша 2009 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.

2 2. Бейбіт кезенде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын 1 000 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

3 3. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.

4

4. Жеңіс күніне – Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға 30 000 теңге, Ұлы Отан Соғысының мүгедектеріне 30 000 теңге, Ауған Соғысы ардагерлеріне 5 000 теңге, бейбіт кезеңде қайтыс болған әскери қызметшілер отбасыларына 3 000 теңге, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5 000 теңге көлемінде белгіленсін.

5 5. Туберкулез ауруымен ауыратын азаматтарға құжаттануға және қосымша тамақтануға жылына бір рет үш ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.

6 6. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3 000 (үш мың) теңгеден 20 000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.

7 7. 2009 жылдың 1 тамыз айынан бастап атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 айылық есептік көрсеткіш көлемінде қосымша әлеуметтік төлемдер белгіленсін.

8

8. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2008 жылғы 21 қазандағы "Аудан бойынша 2008 жылы әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 12-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-85 нөмірмен тіркелген, аудандық "Серпін" газетінде N 51 (1045) 2008 жылғы 6 желтоқсанда жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы