Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ на 2009 год

Қаулы · № 35/03 · қабылданған 18.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43337/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об организации общественных работ на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 35/03 ·18.12.2008
03.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 35/03 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
35/03
Қабылданған күні
18.12.2008
Көрсетілген редакция
03.12.2009 AI43337_4.kaz
Соңғы өзгеріс
03.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KI000052
ЭКБ идентификаторы
43337
Редакция идентификаторы
AI43337_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:24

0 2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысымен бекітілген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелерін" орындау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырушы Абай ауданының ұйымдары, кәсіпорындары, мекемелерінің тізімі, жұмыс түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздардың еңбекақысы Қазақстан Республикасында бекітілген ең аз еңбекақысынан төмен емес, толық емес жұмыс күн және оралымды кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігімен бекітілсін.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаражатынан төленсін.

4 4. Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті орган (Ақсанов Серік Айткенұлы) нақты еңбек жағдайларын көрсетіп, қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен бір үлгідегі келісім шарттар жасасын.

5

5. Абай ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 28/01 "2008 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" (2008 жылғы 21 қаңтарда Абай ауданының әділет басқармасында тіркелген N 8-9-39, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) қаулысы күшін жойған болып танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Ібірахым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 2009 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі

Абай ауданы әкімдігінің
2008 жылы 18 желтоқсан N 35/03
қаулысына
қосымша
2009 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер
Адамдардың саны
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Абай ауданы әкімдігі жанындағы "Жігер-2004" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
256
Тұрғын үй массивтерінің аумақтарын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту және басқа жұмыстар
Пәтерлер меншіктенушілердің кооперативтері
40
Үйлерді қысқы жылыту кезеңіне дайындау және басқа жұмыстар
Қала, ауыл, кент әкімдерінің аппараттары, аудан әкімінің аппараты
70
Тұрғын үй массивтерінің аумақтарын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту. Қосалқы, жөндеу-құрылыстық жұмыстары, салық жинауға, статистикалық сауалнамалар өткізуге көмектесу, тұлғаларға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмекке және мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжат жинауға көмектесу және басқа жұмыстар
Абай ауданының қаржы бөлімі, Абай ауданының қазынашылық бөлімі, Абай ауданының жер қатынастары бөлімі, Абай ауданының құрылыс бөлімі, Абай ауданының архитектура және қала құрылысы бөлімі, Абай ауданы бойынша агрокәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің аумақтық инспекциясы, Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
17
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, мұрағат, курьерлік және басқа жұмыстар
Абай ауданының денсаулық сақтау мекемелері
6
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, аумақтарды көркейту және басқа жұмыстар
Абай ауданының мәдениет мекемелері
10
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстар. Жылыту кезеңінде қосалқы жұмыстар. Мәдени шаралар өткізу және басқа жұмыстар
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері (Абай ауданы бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығы)
20
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықтың әлсіз топтарына көмек және қызмет көрсету, мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар
Абай ауданының қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі
20
Әскерге шақыру және жазылу кампанияларын өткізу кезеңінде құжаттандыруға және шақыруларды таратуға көмектесу және басқа жұмыстар
Абай аудандық прокуратурасы, Абай аудандық соттар, Абай аудандық ішкі істер басқармасы, Абай аудандық Әділет басқармасы, сот орындаушыларының аумақтық бөлімдері, Абай ауданы қылмыстық-атқару инспекциясы
45
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықты құжаттандыруға көмектесу. Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар
Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі
3
Халықты өрт қауіпсіздігіне оқыту және басқа жұмыстар
Ауыл және кент әкімдерінің аппараттары
60
Мал асырау және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру бойынша бригадаларды ұйымдастыру
Абай ауданының статистика бөлімі
30
Халықтың және малдың санағын жүргізуге көмектесу, халық арасында әлеуметтік сауалнама өткізу
Абай ауданы бойынша салық басқармасы
19
Халықтан салық жинауға көмектесу. Есеп кампаниясын өткізуге көмектесу және басқа жұмыстар
"Казавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалының 42 жол-жөндеу учаскесі
2
Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, көркейту және басқа жұмыстар
Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімі
2
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Курьерлік және басқа жұмыстар
Барлығы
600

Қолданыстағы