О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2009 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации социальных рабочих мест в Абайском районе на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 35/02
- Қабылданған күні
- 18.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2009 AI43338_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08KI000053
- ЭКБ идентификаторы
- 43338
- Редакция идентификаторы
- AI43338_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:24
0 2009 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына сәйкес және мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауданның ұйымдары, кәсіпорындары мен мекемелері Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте өкілетті органда тіркелген мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құрсын.
2 2. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ақсанов Серік Айткенұлы):
1 1) Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге ниет білдірген, мақсатты топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау және жіберу бойынша жұмыстарды жүргізсін;
2 2) Осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыс берушілермен шарт жасау бойынша жұмыстарды жүргізсін;
3 3) Әлеуметтік жұмыс орындарын тиімді ұйымдастыруға, жасалған шарттардың орындалуына байланысты жұмыстарды жүргізсін;
4 4) Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізсін;
5 5) Мақсатты топтардағы жұмыссыздардың еңбек төлеміне кететін жұмыс берушінің шығындарының өтемін жергілікті бюджет қаражаты есебінен республика бойынша белгіленген ең төмен еңбекақы төлемінен 50 % мөлшерде қамтамасыз етсін.
3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған жұмыс берушілер жұмыссыздардың еңбек төлемін келесі мөлшерде қамтамасыз етсін: жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы бойынша белгіленген ең төмен еңбекақы төлемінен 50 % мөлшерде және жұмыс берушінің қаражаты есебінен ең төмен еңбекақы төлемінен 50 % аз емес мөлшерде.
4
4. (Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтарда Абай ауданының әділет басқармасында тіркелген N 8-9-40, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 4 "Абай-Ақиқат" аудандық апта сайынғы газетінде жарияланған) 2007 жылғы 28 желтоқсандағы "2008 жылға Абай ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар туралы" N 28/02 қаулының күші жойылған болып танылсын.