Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2009 год

Қаулы · № 393 · қабылданған 22.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43426/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 393 ·22.12.2008
01.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 393 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в размере трех процентов от общей численности рабочих мест на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
393
Қабылданған күні
22.12.2008
Көрсетілген редакция
01.02.2010 43426_205284.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08BN000090
ЭКБ идентификаторы
43426
Редакция идентификаторы
43426_205284
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:19

0 2009 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармағына, 9 бабының 2 тармағына сәйкес және Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптама кеңесінің 2008 жылғы 5 желтоқсандағы № 4 хаттамасы негізінде, жұмыс орнын іздеуде қиыншылық көріп жүрген мүгедектерді әлеуметтік қорғау, оларды жұмыспен қамту мақсаттарында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

2 2. Зеренді ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде мүгедектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 2 тармағын басшылыққа алсын және уәкілетті органның делдалдылығымен мүгедектерді жұмыспен қамтуда қолдау көрсету жөнінде ұсыныс етілсін.

4

4. Зеренді ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 99 «2008 жылы мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз көлемінде жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Аймақтық тізілімінде № 1-14-80 тіркелген, аудандық «Бірлік-Единство» газетінде 2008 жылғы 2 сәуірде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

5 5. Осы қаулы Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.А.Таласбаеваға жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ
Зеренді ауданы «Жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемсінің бастығы З.Б.Қазияқпарова

Қолданыстағы