Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп и перечня предприятий, создающих социальные рабочие места лицам, входящим в целевые группы на 2009 год

Қаулы · № 1250 · қабылданған 18.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43617/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об определении целевых групп и перечня предприятий, создающих социальные рабочие места лицам, входящим в целевые группы на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 1250 ·18.12.2008
05.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп и перечня предприятий, создающих социальные рабочие места лицам, входящим в целевые группы на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 1250 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп и перечня предприятий, создающих социальные рабочие места лицам, входящим в целевые группы на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға арналған нысаналы топтарды және нысаналы топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындардын тізімін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1250
Қабылданған күні
18.12.2008
Көрсетілген редакция
05.01.2010 AI43617_4.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08VI000094
ЭКБ идентификаторы
43617
Редакция идентификаторы
AI43617_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:24

0 2009 жылға арналған нысаналы топтарды және нысаналы топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындардын тізімін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 31-бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-ІІ Заңына, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілеу мақсатында «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, Глубокое аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Нысаналы топтарға енгізілсін:

аз қамтылған адамдар;
жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғыз басты, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарының тәртіптерімен белгіленген асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет ететін адамдары бар азаматтар;
мүгедектер;
бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан келген адамдар;
оралмандар;
әйелдер;
50 жастағы және одан үлкен адамдар;
есірткіге тәуелді тұлғалар;
ВИЧ – жұқтырған азаматтар.

1-1 1-1. Жол картасы бағдарламасын іске асыру шегінде нысаналы топтарға қосымша енгізілсін:

1 1) мектептер және кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері;

2 2) өндіріс ұйымдастыруындағы өзгертулерге, оның ішінде қайта құру және (немесе) жұмыс көлемін қысқартуға байланысты толық емес жұмыс уақытында жұмыс істейтіндер;

3 3) еңбек ақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;

4 4) жазғы демалыстағы студенттер;

5 5) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан астам).

2 2. Нысаналы топтардағы адамдар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын кәсіпорындардың келісілген қосымша тізімі бекітілсін.

2-1 2-1. Жол картасы бағдарламасын іске асыру шегінде қосымша әлеуметтік топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын құратын кәсіпорындар тізіміне әлеуметтік маңызды жұмыстар жасайтын кәсіпорындар енгізілсін.

3

3. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылы 18 қаңтарда № 5-9-76 болып тіркелген («Огни Прииртышья» газетінің 2008 жылғы 15 ақпандағы № 7 санында жарияланған) «Нысаналы топтарды және нысаналы топтардағы адамдарға әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын кәсіпорындардың тізімін белгілеу туралы» Глубокое аудандық әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 628 қаулысының күші жойылған деп саналсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары В.В. Лаптевке жүктелсін.

5 5. Қаулы ресми жарияланған бірінші күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

13 Жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтпрға кіретін жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын кісіпорындардың тізімі

Глубокое аудандық
әкімдігінің қаулысымен
18 желтоқсан 2008 ж. № 1250
бекітілген
Жұмысқа орналастыру үшін нысаналы топтпрға кіретін жұмыссыздар
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын кұратын
кісіпорындардың тізімі
Кәсіпорындародың аталуы
Жұмыс орындарының
саны
1
ЖШС «Өндірістік–Комерциялық фирма «Шахан–Ата»
6
2
ЖК Богомолова Раиса Виленовна
5
3
ҚЖ Барс
4
Барлығы
15
«Глубокое аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ басшысы
М. Пономарева

Қолданыстағы