Құжат мәтініне өту

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани на 2009 год

Өзге акт · № 196 · қабылданған 19.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43648/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани на 2009 год Күшін жойған Өзге акт ·№ 196 ·19.12.2008
22.12.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани на 2009 год

Күшін жойған Өзге акт ·№ 196 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения города Сарани на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға Саран қаласында күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
196
Қабылданған күні
19.12.2008
Көрсетілген редакция
22.12.2009 43648_178328.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08KG000077
ЭКБ идентификаторы
43648
Редакция идентификаторы
43648_178328
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:23

0 2009 жылға Саран қаласында күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы", 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы", 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. 2009 жылға қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа), Саран қаласында төмендегі санаттағы оқушылардың жол жүрулеріне жеңілдік беру белгіленсін:

1

1) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілер мен жалпы білім беретін мектеп оқушылары бірінші сыныптан сегізінші сыныпты қоса алғанда, сондай ақ тиісті оқу орнымен берілген бірдей үлгідегі арнаулы жол жүру билетін көрсетсе, гимназиялар мен лицейлердің осы сыныптарының оқушылары да тегін жүру құқығына ие болады (2009 жылғы 20 маусым мен 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

2

2) Саран қаласы білім ұйымдарында тәрбиеленушілері мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпты қоса алғанда, сонымен қатар гимназия сыныптары мен лицей топтарының оқушылары қала ішіндегі қоғамдық көліктерде тиісті оқу орны берген бір үлгідегі арнаулы жол билетін көрсетсе, жол жүру құнының 50 %, яғни бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді (2009 жылғы 20 маусым мен 31 тамыз аралығынан басқа уақыттар);

3 3) кәсіптік мектептер мен колледждердің оқушылары Саран қаласында қоғамдық көліктерде жол жүрсе, қолданыстағы тариф құнының 50 % төлейді, яғни, тиісті оқу орны берген студенттік немесе оқушы билетін көрсетсе, бір рет жол жүргені үшін он бес теңгеден артық төлемейді;

4 4) жол жүру жеңілдігі қала ішінде үнемі жүретін автобустарға, маусымдық (саяжайға) маршруттарға берілмейді;

5 5) жол жүру жеңілдігі басқа қалалардың білім беру ұйымдарында, сондай-ақ сырттай, кешкі мектепте оқитындарға берілмейді.

2

2. Осы шешімнің қабылдануына байланысты, Саран қалалық мәслихатының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы 3 сессиясының "2008 жылға Саран қаласында күндізгі бөлімде оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жол жүруіне жеңілдік туралы" N 62 шешімінің күші жойылсын, 8-7–57 мемлекеттік тіркеу нөмірмен тіркелген, "Ваша газета" газетінде 2008 жылы 12 ақпанда N 2 жарияланған.

3 3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң, ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Қолданыстағы