О проведении приписки граждан к призывному участку не территории района Шал акына в январе-марте 2009 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении приписки граждан к призывному участку не территории района Шал акына в январе-марте 2009 года
- Атауы (қаз.)
- Шал ақын ауданының аумағында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 26.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2011 43748_201709.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SN000070
- ЭКБ идентификаторы
- 43748
- Редакция идентификаторы
- 43748_201709
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:56
0 Шал ақын ауданының аумағында 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізу туралы
«Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-111 Заңы 17-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған ер жынысты азаматтарды және әскерге шақырылатындар жасынан асқан тіркеуден өтпеген азаматтарды тіркеу өткізілсін.
2 2. Әскерге шақыру учаскесіне тіркеу жүргізу үшін тіркеу бойынша қоса берілген дербес комиссия құрамы бекітілсін.
3 3. Селолық округ әкімдеріне:
1 1) ауданның қорғаныс істері бойынша Біріккен бөліміне әскерге шақырылатын жасөспірімдердің тізімін ұсынсын;
2 2) әскери есепті жүргізетіндердің басшылығымен әскерге шақырылатын жасөспірімдердің жиналу пунктісіне белгіленген мерзімде әскер қатарына шақырылатындардың келуін қамтамасыз етсін.
4 4. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыру учаскесінде азаматтардың тіркеуін өткізу үшін, бес техникалық жұмысшыларды күту үшін қаржы қаражатының уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
5 5. Аудандық емханаға (келісім бойынша):
1 1) кеуде жасушалар ағзаларының флюорографиялық зерттеуін, группасын және резусын анықтаумен қан анализін, белокқа несептің зерттеуін, жүректің электрокардиограммасын жасауды қамтамасыз етсін;
2 2) әскерге шақыру учаскесін керекті дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен толықтырсын;
3 3) тіркеу жүргізілгенде табылған сырқаттанған әскерге барушыларға кезектен тыс медициналық қызмет көрсету және емделу қамтамасыз етілсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Елена Петровна Кузичеваға жүктелсін.
7 7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
13 Аудан әкімдігінің
2009 жылы 26 қаңтар № 10
қаулысымен бекітілді
Тіркеу өткізу жөніндегі комиссияның
құрамы
Чепухин - комиссия төрағасы
Сергей Иванович Шал ақын ауданның Қорғаныс істері
бойынша біріккен бөлімінің бастығы
Кузичева - комиссия төрағасының орынбасары,
Елена Петровна Шал ақын ауданы әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері
Асылбекова - медициналық комиссияның төрағасы,
Айнагүл Жасұланқызы аудандық аурухананың бас дәрігерінің м.а.;
Есенғожин - Шал ақын ауданының ішкі істер бөлімі
Әлібек Сәлімұлы бастығының орынбасары;
Шекенова - комиссия хатшысы, аудандық
Балдырған Сапашқызы емхананың медбикесі