Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2009 год

Қаулы · № 6 · қабылданған 15.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43782/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении перечня целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 6 ·15.01.2009
12.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 6 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня целевых групп населения в Аулиекольском районе на 2009 год
Атауы (қаз.)
Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін белгілеуде туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6
Қабылданған күні
15.01.2009
Көрсетілген редакция
12.04.2010 AI43782_6.kaz
Соңғы өзгеріс
12.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NG000090
ЭКБ идентификаторы
43782
Редакция идентификаторы
AI43782_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:01

0 Әулиекөл ауданында 2009 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тізбесін белгілеуде туралы

Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының
31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Әулиекөл ауданының әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн нысаналы топтарға енетiн тұрғындардың ұсынылып отырған тiзбесi белгіленсін.

2 2. "Әулиекөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (Оспанов С.Ә. – келiсiм бойынша) тұрғындардың нысаналы топтарына енетiн адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн шараларды қамтамасыз етсiн.

3 3. Әулиекөл ауданының әкiмдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 23 "Әулиекөл ауданында 2008 жылға тұрғындардың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы" (тiркеу № 9-7-67, "Әулиекөл" газетiнiң 2008 жылғы 21 ақпандағы № 8 жарияланған) қаулысының күшi жойылды деп есептелсiн.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Нұғманова Роза Сыздыққызына жүктелсiн.

5 5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн нысаналы топтарға енетiн адамдардың тiзбесi

БЕКIТІЛДІ
әкімдіктің 2009 жылғы 15 қаңтардағы
№ 6 қаулысымен
Жұмыспен қамтуға ықпал жасау үшiн
нысаналы топтарға енетiн адамдардың
тiзбесi

1 1. Аз қамтамасыз етілген.

2 2. Жиырма бір жасқа дейiнгi жастар.

3 3. Балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар.

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар.

5 5. Қазақстан Республикасының Заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар.

6 6. Зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуына екi жыл қалған).

7 7. Мүгедектер.

8 8. Қазақстан Қарулы Күштерiнiң қатарынан босаған адамдар.

9 9. Бас бостандығынан айрылу және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.

10 10. Оралмандар.

11 11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби бiлiм мекемелерінің түлектері.

12 12. Оқу бітіргеннен кейін жұмыс тәжірибесі жоқ, жұмыспен қамтылмаған жастар.

13 13. Толық емес отбасылардың табысы тұрмыс деңгейінен төмен жұмыссыз тұлғалары.

14 14. Ұзақ уақыт жұмыс істемеушілер.

15 15. Жұмыс берушінің – заңды тұлғаның жойылуына немесе жұмыс берушінің – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқартуына байланысты босаған тұлғалар.

16 16. Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері.

Қолданыстағы