Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня целевых групп населения на 2009 год

Қаулы · № 28 · қабылданған 14.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-43785/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении перечня целевых групп населения на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 28 ·14.01.2009
27.04.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня целевых групп населения на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 28 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня целевых групп населения на 2009 год
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28
Қабылданған күні
14.01.2009
Көрсетілген редакция
27.04.2009 AI43785_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NC000099
ЭКБ идентификаторы
43785
Редакция идентификаторы
AI43785_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:02

0 Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Ш. Шаяхметовқа жүктелсін.

4 Халықтың нысаналы топтарының 2009 жылға арналған тізбесі

Арқалық қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 14 қаңтардағы
№ 28 қаулысына
қосымша
Халықтың нысаналы
топтарының 2009 жылға арналған тізбесі
Табысы аз адамдар;
Жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата- ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
Мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
Бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
Оралмандар;
Жиырма тоғыз жасқа дейінгі кәсіби даярлау және қайта даярлаудан өткен жұмыссыздар, бастауыш, орта, жоғары кәсіби білімдері бар түлектер;
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
Елу жастан асқан адамдар;
Жұмыс беруші (заңды тұлға) таратылған не жұмыс беруші (жеке тұлға) қызметінің тоқтатылуына байланысты босатылғандар;
Қызметкерлерге саны немесе штаты қысқартылуына байланысты босатылғандар;
Толық емес жұмыс уақытының режимінде жұмыс істейтін тұлғалар;
Жеті жасқа дейін бала күтімімен отырған, оның ішінде аз қамтылған немесе жұмыссыз тұлғалар.

Қолданыстағы