2009 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2009 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 130-ХІІІ
- Қабылданған күні
- 24.12.2008
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2009 · қолданыстағы 43928_184384.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08TH000137
- ЭКБ идентификаторы
- 43928
- Редакция идентификаторы
- 43928_184384
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:15
0 2009 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)тармақшасына басшылыққа алып, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-ІҮ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-тармағының талаптары және Құрманғазы ауданы бойынша салық басқармасының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 2682 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1 1. Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары және 381- бабымен белгіленген елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары 2009 жылда 50 пайыз мөлшерінде өсірілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 39-ІІІ "2008 жылға ауылшаруашылығы мақсатындағы және елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары туралы" (аудандық әділет басқармасында 2008 жылы 17 қаңтарда N 4-8-114 мемлекеттік тіркелген, 2008 жылы 26 қаңтарда аудандық "Серпер" үнжариясының 4 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
3 3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.
4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, салық саясаты және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (Ш. Жәлелов) тапсырылсын.
Келісілді:
Аудан бойынша салық
басқармасының бастығы
Н. Аленов