Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест на 2009 год

Қаулы · № 346/9 · қабылданған 24.12.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-44011/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 346/9 ·24.12.2008
05.03.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации социальных рабочих мест на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 346/9 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
346/9
Қабылданған күні
24.12.2008
Көрсетілген редакция
05.03.2010 AI44011_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08PM000073
ЭКБ идентификаторы
44011
Редакция идентификаторы
AI44011_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:15

0 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 6 тармағын және 5 бабының 2 тармағын жүзеге асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөнінде Нұсқауы бекітілсін.

2 2. Жұмыссыздардың ішінен әлеуметтік қорғауды қажет етуші тұлғалардың мақсатты топтары бекітілсін (1 қосымша).

3 3. "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мақсатты топтан жұмыссыздарды басымдық бағытта қамтамасыз етуге әлеуметтік жұмыстарды орындау үшін кәсіпорын және мекемелермен бірге келісімшарт бекітсін.

4 4. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы "2008 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" № 11/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 12-13-42 тіркелген).

5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламаға қосымша 102 "Жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары" бойынша аудандық бюджет қаржысы және өтініш бойынша жұмыс берушінің қаржысы есебінен қаржыландыру жүргізілсін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Гүлстан Сағынтайқызы Теміржановаға жүктелсін.

8 ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 346/9 қаулысымен
бекітілді
ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ
НҰСҚАУ
Осы нұсқау халықтың мақсатты тобының ішінен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынушы ұйымдармен есеп айырысу жүйесін және негізгі шарттарды реттейді.

1 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы нұсқауда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Әлеуметтік жұмыс орны – жергілікті бюджет қаржысы есебінен қабылданған жұмыскерлердің еңбекақысын төлеу үшін "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркеуге алынған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілермен ұйымдастырылған жұмыс орны.
Мақсатты топтар – Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңында белгіленген жұмысқа орналасуда қиындық көрген және әлеуметтік қорғауды талап ететін топтар.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек туралы, зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заң актілері таратылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға жолдама беруді "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

2 2. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін беріледі немесе кәсіпорындар мен ұйымдар қабылдаған жұмыскерлердің еңбекақысын толық немесе бөлшектеп төлеу жағдайында ұйымдастырылады.
Уәкілетті органы әлеуметтік жұмыстарды орындау үшін кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен құру мерзімі және қаржыландырудың шарты жөнінде келісімшарт бекітеді.
Уәкілетті органы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа жіберуді олардың келісімі бойынша ғана іске асырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарға әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздар "Шарбақты ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің есебінен шығарылады.

3 3. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗІ

Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көзі жергілікті бюджет және жұмыс берушілердің қаражаты есебінен жүргізіледі.
"Еңбекпен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралары" 002102 бағдарламасы бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру іске асырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу шығыны жергілікті бюджет қаржысы есебінен толықтырылады. Төлемақы жұмыс берушімен келісім негізінде жартылай өтемақы түрінде жасалады, бірақ республика бойынша бекітілген ең төменгі еңбекақы көрсеткішінен артық болмауы тиіс. Бюджет қаржысы бойынша есептесу жұмыс берушілердің есеп шотына қаржы аудару арқылы жүргізіледі.

4 4. ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТӘРТІБІН БАҚЫЛАУ

Мемлекеттік органдары белгіленген заң тәртібінде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі Нұсқаудың сақталуын бақылауды іске асырады.

13 Шарбақты ауданы бойынша халықтың мақсатты топтарының ТІЗБЕСІ

Шарбақты ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 346/9 қаулысына
1 қосымша
Шарбақты ауданы бойынша
халықтың мақсатты топтарының
ТІЗБЕСІ

1 1. Отбасында бірде – бір жұмыскері жоқ, аз қамтамасыз етілгендер.

2 2. 24 жасқа дейінгі жастар.

3 3. Жасы 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар.

4 4. Ұзақ (бір жылдан артық) уақыт жұмыс істемеген жұмыссыздар.

5 5. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша қиындық көрген, оқу орындарын бітірген түлектер.

Қолданыстағы