Об организации общественных работ на 2009 год
Күшін жойған
Қаулы
·№ 02/01
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02/01
- Қабылданған күні
- 20.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2010 AI44038_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KK000070
- ЭКБ идентификаторы
- 44038
- Редакция идентификаторы
- AI44038_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:59
0 2009 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес және жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі анықталсын (1 қосымша).
2 2. Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері анықталсын (2 қосымша).
3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздардың еңбек төлемі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңымен бекітілген еңбекақының ең аз мөлшерінде жүргізілсін.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Мұрат Ойдашұлы Исабаев) аудан бюджетінде қарастырылған қаржы шегінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Надежда Григорьевна Алексеева):
1 1) ұйымдардың басшыларымен дер уақытында шарттар жасауды және ұйымдардың берілген өтінімдеріне сәйкес жұмыссыздардың келісімімен бағыттауды қамтамасыз етсін;
2 2) қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбекақы есептеу мен төлеуді жұмыс беруші ұсынған акті мен жұмыс уақыты есебінің табелі бойынша жүргізсін.
6 6. Бұқар жырау аудан әкімдігінің 2008 жылғы 19 ақпандағы N 06/01 "2008 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (тіркелу нөмірі 8-11-52, аудандық N 13 "Сарыарқа" газетінде 2008 жылдың 29 наурызда жарияланған).
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асхат Сағадиұлы Әлиге жүктелсін.
8 8. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
11 Аудан әкімдігінің
2009.20.01 N 02/01
қаулысына 1 қосымша
Қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі
1 1. Бұқар жырау ауданының селолық округтар мен кенттер әкімдерінің аппараттары.
2 2. Бұқар жырау зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бөлімшесі.
3 3. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
4 4. "Бұқар жырау ауданының жастармен жұмыс жөніндегі Орталығы" мемлекеттік мекемесі.
5 5. "Бұқар жырау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
6 6. "Бұқар жырау ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
7 7. Бұқар жырау ауданы бойынша салық комитеті.
8 8. Бұқар жырау ауданының ішкі істер басқармасы.
9 9. Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасы.
10 10. "Бұқар жырау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы" қазыналық мемлекеттік мекемесі.
11 11. "Казахавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалы, N 45 жол пайдалану учаскесі
23 Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Аудан әкімдігінің
2009.20.01 N 02/01
қаулысына 2 қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері