Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2009 году
- Атауы (қаз.)
- Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-10п
- Қабылданған күні
- 05.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2010 AI44069_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000558_
- ЭКБ идентификаторы
- 44069
- Редакция идентификаторы
- AI44069_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:04
0 Халықтың нысаналы топтарын және 2009 жылы оларды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғалуына көмек көрсету жөніндегі шараларды белгілеу туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1 1. Халықтың нысаналы топтары болып мынадай санаттар белгіленсін:
1 1) аз қамтылғандар;
2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6 6) жасы бойынша зейнеткерлікке шығатын (зейнеткерлік жасына екі жыл қалған) тұлғалар;
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10 10) оралмандар.
11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13 13) орта арнайы және орта кәсіптік оқу орындарының түлектері;
14 14) ұзақ уақыт (бір жылдан аса) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15 15) толық емес жұмыс режимінде қамтылған қызметкерлер;
16 16) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жалақысы сақталмайтын мәжбүрлі демалыстағы тұлғалар.
2 2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма):
1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамтуды және кәсіби даярлауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
2 2) халықтың нысаналы топтарына жататын орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;
3 3) халықтың нысаналы топтарына жататын, орналасуын бақылауды жүзеге асырсын.
3 3. Жұмыс берушілер:
1 1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетсін;
2
2) ұйымның таратылуына, адам санының немесе штаттың қысқартылуына байланысты алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босайтыны, босатылатын қызметкерлердің қызметтері мен кәсіптері, мамандықтары, біліктілігі және еңбекақы мөлшері көрсетіле отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен санаттары және олар босатылатын мерзімдер туралы жұмыстан босату басталардан кемінде бір ай бұрын Басқармаға толық көлемде ақпарат берсін;
3 3) Басқармаға бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олар туралы мәлімет жіберсін;
4 4) Басқарма берген жолдамаға тиісті белгі қою арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту себебін көрсете отырып, ол туралы уақтылы (Басқарма оған азаматтарды жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде) хабардар етсін.
4 4. Басқарма әділет органдарында осы қаулының мемлекеттік тіркелуін жүргізсін.
5
5. "Халықтың нысаналы топтарын белгілеу және 2008 жылы оларды жұмыспен қамту мен олардың әлеуметтік қорғалуына көмек корсету жөніндегі шаралар туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 23-76қ қаулысының (Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 19 ақпанда N 487 болып тіркелген, 2008 жылғы 3 наурыздағы N 42 "Астана хабары" және 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 38 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.