Об организации общественных работ в Аккайынском районе в 2009 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в Аккайынском районе в 2009 году
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 12.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2012 44174_195757.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SB000096
- ЭКБ идентификаторы
- 44174
- Редакция идентификаторы
- 44174_195757
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:03
0 2009 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, 20-бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын жүзеге асыру жөніндегі іс–шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2001 жылғы 19 шілдедегі № 38 «Қоғамдық жұмыстарды, жұмыссыздардың кәсіби дайындығын, біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі ережені бекіту туралы» қаулысына (2001 жылғы 30 шілдедегі мемлекеттік тізілімдегі № 398 тіркелген, 2001 жылғы 7 тамыздағы «Северный Казахстан» газетінде ресми жарияланған) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері және еңбекақы мөлшерлері бекітілсін.
2 2. Аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде «Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген Тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3 3. «Аққайың аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарға қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге ақшалай қаржыландыруын уақытылы қамтамасыз етсін.
4
4. «2008 жылы Аққайың ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» аудан әкімдігінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 29 қаулысы (2008 жылғы 26 ақпандағы мемлекеттік № 13-2-52 тіркеу нөмірі, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 6 «Аққайың» газетінде, 2008 жылғы 13 наурыздағы № 12 «Колос» газетінде жарияланған) қаулының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. М. Нүркеновке жүктелсін.
6 6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші ресми жарияланған кезден бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Аққайың ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 14 қаулысымен
бекітілген
Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша ұйымдардың тізімі, жұмыстың түрлері, көлемдері, еңбекақы мөлшері
Ұйымдардың атауы
Жұмыс
орны
Қоғамдық жұмыстардың
түрлері
Разряды
Коэффициенті
«Аққайың аудандық мұрағаты» мемлекеттік мекемесі
2 адам
Құжаттарды сақтауға даярлау және өңдеуге көмек көрсету
G-14
1,43
Аққайың ауданы селолық округ әкімдерінің аппараттары
308 адам
Аққайың ауданы селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, құқық қорғаушы органдарына жәрдемдесу отрядтарына қатысу;
Құжаттарды сақтауға даярлау және өңдеуге көмек көрсету;
Шаруашылық кітаптарын құру және үй шаруашылығының санағына көмектесу;
Елді мекендердің аумақтарын жинау;
Аумақты жасылдандыру және көркейту, қаңғырып жүрген жануарларды аулау;
Мұз қалашықтарының құрылыстарында қосалқы жұмыстарды орындау;
Ағымдағы жолдарды жөндеу (ойлармен және шұңқырларды жабу, жол жиектерін қазу, қоқымнан тазалау және тағы да басқалар);
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде жұмыспен қамту мәселесі бойынша көмек көрсету;
Оралмандарды жайғастыру және қабылдау бойынша тапсырмаларды орындау;
Мемлекеттік мекемелерде және бюджеттік ұйымдарда жағу кезеңінде жағушы болып жұмыс істеу;
Күзгі және көктемгі тасқындарға байланысты жұмыстар жүргізу;
Жалғыз басты қарт ауру азаматтарды күту (азық – түлік сатып алу, бөлмені жинау, қабырғаларды ақтау, еденді сырлау, кір жуу, егу, көкөністерді жинау);
Қоқыс орындарын жинау және зираттарды, соның ішінде қалдықтарды жинауды ұйымдастыру
G-14
G-14
G-14
II
ІІІ
ІІІ
ІІ
G-14
G-14
ІІ
ІІІ
G-14
ІІІ
1,43
1,43
1,43
1,49
1,59
1,59
1,49
1,43
1,43
1,49
1,59
1,43
1,59
Қорытынды:
310
Ескерту: 5, 10, 11, 13 тармақтарында белгіленген жұмыстар ұйымдардың штат кестелерінде сәйкес бірліктер болмаған жағдайда жәнебұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерде қаражаттар қарастырылмаған жағдайда қолданылады