О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2009 году
Күшін жойған
Қаулы
·№ 24
·
18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по содействию занятости целевых групп населения в 2009 году
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 24
- Қабылданған күні
- 23.01.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2011 AI44209_8.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NR000078
- ЭКБ идентификаторы
- 44209
- Редакция идентификаторы
- AI44209_8
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:58
0 2009 жылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шаралар туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамту мақсатында, Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың мынадай тізімі бекітілсін:
1 1) аз қамтылғандар;
2 2) кәмелет жасқа толмаған балалары бар, көпбалалы немесе жалғызбасты ата-аналар;
3 3) он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар;
4 4) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
5 5) жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата–аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
6 6) зейнеткерліктің алдындағы жастағы тұлғалар (жасы бойынша зейнетке шығуға дейін екі жылы бар);
7 7) мүгедектер;
8 8) бостандығынан айырылған немесе емделуге мәжбүр еткен жерлерден босатылған тұлғалар;
9 9) Қазақстан Республикасының Қарулы күштер қатарынан босатылған тұлғалар;
10 10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрдайым күтім, көмек немесе бақылау қажет ететіндердің қатарына жататын тұлғаларды асырайтын азаматтар;
11 11) оралмандар;
12 12) елу жастан асқан тұлғалар;
13 13) ұзақ уақыт (жылдан астам) жұмыс істемеген азаматтар;
14 14) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының жиырма үш жасқа дейінгі түлектері, сонымен қатар жұмыс өтілі жоқ өткен жылғы түлектер;
15 15) бұрын жұмыс істемеген азаматтар;
16 16) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
17 17) алынып тасталды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 27.10.2009 № 320 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
18 18) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері, сонымен қатар оқу орындарының түлектері.
2. "Таран ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):