Құжат мәтініне өту

Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2009 году

Қаулы · № 20 · қабылданған 19.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-44212/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2009 году Күшін жойған Қаулы ·№ 20 ·19.01.2009
02.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2009 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 20 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и финансировании общественных работ в Карабалыкском районе в 2009 году
Атауы (қаз.)
2009 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
19.01.2009
Көрсетілген редакция
02.05.2013 AI44212_3.kaz
Соңғы өзгеріс
02.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09NL000093
ЭКБ идентификаторы
44212
Редакция идентификаторы
AI44212_3
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:00

0 2009 жылы Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы 31 бабының негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелері бекітілсін (1 қосымша).

2 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орнын беретін кәсіпорындардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері бекітілсін (2 қосымша).

3 3. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жібергенде осы қаулынының басшылыққа алуы ұсынылсын.

4

4. "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорына (келісім бойынша) , "Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облыстық филиалының директорына, "Қостанай жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасына, жеке кәсіпкер Оганнес Оникович Петоянға халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органмен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарттар жасау үшін жұмыстардың нақты түрлерінің анықтауы ұсынылсын.

5 5. Бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне:

"Қарабалық ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылық көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қарабалық ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қарабалық ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) 2 қосымшаға сәйкес тізімде айқындалған кәсіпорынмен көрсетілетін қызмет пен жұмысты төлеуде қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің ескеруы ұсынылсын.

6

6. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 88 "Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы", 2008 жылғы 15 сәуірдегі мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-73, аудандық "Айна" газетінде 2008 жылғы 17 сәуірдегі № 4 санында жарияланған, 2008 жылғы 27 мамырдағы № 152 "Қарабалық ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы", 2008 жылғы 20 маусымдағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-12-79, аудандық "Айна" газетінде 2008 жылғы 10 шілдедегі № 28 санында жарияланған, қаулыларының күштеріі жойылды деп танылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Исенбаевқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен тәртібі туралы нұсқау

Қарабалық ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 19 қаңтардағы
№ 20 қаулысымен 1 қосымшасы
бекітілді
Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру
талаптары мен тәртібі туралы нұсқау

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін уақытша жұмыс орындарын беретін мекемелермен есеп айырысу жүйесін және негізгі талаптарды реттейді.

2 2. Осы Ережедегі пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1

1) қоғамдық жұмыстар-атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіби даярлықтан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыттағы және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша орындайтын еңбек қызметінің түрлері;

2 2) орталық атқарушы орган- халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, аудан, қала, облыс әкімі басқаратын, әкімият;

3 3) жергілікті атқарушы орган -тиісті аумақта өз құзыры шегінде мемлекеттік басқаруды жүзе асыратын, аудан, қала, облыс әкімі басқаратын, әкімият;

4 4) нысаналы топтар - "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар топтары.

2 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі

3 3. Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмыс берушілермен қоғамдық жұмысты атқаруға көрсететін қызмет жөнінде шарт жасасады.

4 4. Қоғамдық жұмыстар мекемелерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен жүргізіледі және жергілікті бюджеттің қаражатынан қаржыландырылады.

5 5. Жұмыссыздарды уақытша жұмыс орындарымен қамтамасыз ету және жергілікті бюджеттік ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысын төлеуге арналған қаражатты тиімді пайдалану мақсатында (аудандық бюджеттен), аудандық жергілікті атқарушы органдар төмендегі іс-шараларды жүзеге асырады:

1 1) қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындайды;

2 2) қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізбелерін; қоғамдық жұмыстарды орындаудың нақты жағдайларын, көлемін, түрін бекітеді.

6 6. Жұмыссыздардың аудандық жергілікті атқарушы органдардың қаулыларымен анықталған мекемелерге қоғамдық жұмыстарға жіберу Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жүзеге асырылады.

7 7. Нысаналы топтарға кіретін жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуға басым құқығы бар.

3 3. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру талаптары мен көздері

8 8. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға еңбек ақы төлеуді жеке еңбек шартына сәйкес жұмыс беруші ай сайын жүзеге асырады және ол орындалған жұмыстың күрделілігіне, сапасына, санына байланысты.

9

9. Жұмыс берушілердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларының еңбегіне төлеген ақы шығыны,Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 1,5 ең төменгі еңбек ақы мөлшерінде мәслихаттың шешіміне келісті аудандық бюджет қаражатынан өтеледі. Бюджеттік қаражат жұмыс берушілердің есеп-айырысу шоттарына аударылады.
Жұмыс берушілердің мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдерді төлеуге шығыны қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген мөлшерде мәслихаттың шешіміне келісті аудандық бюджет қаражатынан өтеледі.
Жұмыс берушілердің екінші деңгейдегі банктердің қоғамдық жұмысқа қатысушыларға тиісті еңбек ақыны және басқа да ақшалай төлемдерді салымшының алғашқы талап салымы бойынша дербес шотына немесе банктің төлем карточкасының есепшотына есепке алу, төлеу қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге шығыны келісім-шартпен белгіленген мөлшерде мәслихаттың шешіміне келісті аудандық бюджет қаражатынан өтеледі.

10 10. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы жұмыссыздарға аудандық бюджет қаражатынан төленетін еңбек ақы заңнамалар белгілеген тәртіппен салықтан босатылады.

11 11. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшаны қатаң түрде мақсатты пайдаланады.

12 12. Жұмыс берушілер еңбек ақыға төлеген шығынын аудандық бюджеттен қайтару үшін Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне ай сайын орындалған жұмыстың кесімін беріп отырады. Қоғамдық жұмыстарға қатысушы азаматтарға жалақы нақтылы істелген жұмыс үшін төленеді.

13 13. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға мертігу немесе денсаулыққа келтірілген зақымның, зиянның орнын толтыру, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуді, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жұмыс берушілер жүргізеді.

4 4. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылау

14 14. Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру тәртібін бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

Қолданыстағы