Об организации общественных работ в Егиндыкольском районе на 2009 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в Егиндыкольском районе на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы Егіндікөл ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-2/41
- Қабылданған күні
- 09.02.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2010 44231_202112.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BH000077
- ЭКБ идентификаторы
- 44231
- Редакция идентификаторы
- 44231_202112
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:50
0 2009 жылы Егіндікөл ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру шаралары туралы» қаулысына сәйкес, жұмыс іздеуде қиыншылыққа кездескен жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау, оларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылы Егіндікөл ауданының ауылдары мен ауылдық округтердегі жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты шарттары, қатысушылардың еңбек ақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
3 3. «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1 1) жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімі бойынша, тіркеуге тұрған күніне сәйкес кезектілік тәртібімен жіберуді жүзеге асырсын;
2 2) бірінші кезекте нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жіберсін;
3 3) жұмыс берушілермен қоғамдық жұмыстардың атқарылуына типтік шарттар жасасын.
4 4. «Егіндікөл ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2009 жылға арналған аудан бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шектеуінде қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5 5. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға мүдделі ауыл және ауылдық округ әкімдері 2009 жылға арналған өтінімдерді «Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырсын.
6
6. Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қаңтардағы № а-1/9 «Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық Тізілімінде № 1-8-64 тіркелген, 2008 жылғы 29 ақпанда аудандық «Шұғыла-Целинная нива» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.С.Ысқақоваға жүктелсін.
8 8. Аудан әкімдігінің осы қаулысы Егіндікөл ауданының әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 9. Осы қаулының әрекеті 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ
«Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы А. Қазбеков
КЕЛІСІЛДІ
«Егіндікөл ауданының қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Двороковская
13 Егіндікөл ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 9 ақпандағы
№ а-2/41 қаулысымен
бекітілді
Егіндікөл ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты шарттары, қатысушылардың еңбек ақы мөлшері және оларды қаржыландыру көздері
Ауыл немесе ауылдық округтің атауы
Жұмыстың түрлері
Адам-дар саны
Орын-дал-
ған жұмыс көле-
мі
Еңбек
шарт-
тары
Жергілікті бюджеттен
еңбек ақы мөлшері
Абай ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
2
2700 м2
Толық емес жұмыс күні, ыңғайлы кесте
80820
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
1
480 сағ
40410
Алакөл ауылдық округі
Ауылды көгалдандыру және көркейту
4
5400 м2
161640
Ұйымдарға аумақты жинауға көмектесу
3
4500 м2
121230
Спиридоновка ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
2
2700 м2
80820
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
1
480 сағ
40410
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары
1
900 м2
40410
Бауман ауылдық округі
Ұйымдарға аумақты жинауға көмек көрсету
2
3000м2
80820
Ауылды көгалдандыру және көркейту
4
5400 м2
161640
Буревестник ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
4
5400 м2
161640
Егіндікөл ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
14
21000 м2
565740
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
4
2400 сағат
161640
Су құбыры коммуникацияларын жөндеу
2
960 сағ
80820
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарды жөндеу жұмыстары
6
40000 м2
242460
Жануарларды ветеринарлық өңдеу жұмыстарына көмек көрсету
2
960 сағат
80820
Ұйымдарға аумақты жинауға көмек көрсету
6
9000 м2
242460
Жалманқұлақ ауылдық округі
Ауылды көгалдандыру және көркейту
2
2700 м2
80820
Қоржынкөл ауылы
Ауылды көгалдандыру және көркейту
3
2700 м2
121230
Аулаларды аралау және халықтың, малдың санағын алу
1
480 сағат
40410
Ұзынкөл ауылдық округі
Ауылды көгалдандыру және көркейту
3
4050 м2
121230
Әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандарын жөндеу жұмыстары
3
1800 м2
121230
ЖИЫНТЫҒЫ:
70
2828700