Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня лиц, входящих в целевые группы населения на 2009 год

Қаулы · № 25 · қабылданған 20.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-44298/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении перечня лиц, входящих в целевые группы населения на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ 25 ·20.01.2009
05.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня лиц, входящих в целевые группы населения на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 25 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня лиц, входящих в целевые группы населения на 2009 год
Атауы (қаз.)
2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
25
Қабылданған күні
20.01.2009
Көрсетілген редакция
05.01.2010 44298_115575.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ND000137
ЭКБ идентификаторы
44298
Редакция идентификаторы
44298_115575
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:59

0 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2) тармақшасына сәйкес және Лисаков қаласының халқын әлеуметтік қорғау нысандарын анықтау кезінде бірыңғай тұрғысын әзірлеу мақсатында, Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары В.В. Абоимоваға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қала әкімдігінің

2009 жылғы 20 қаңтардағы
№ 25 қаулысымен бекітілген
Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың тізбесі
Халықтың нысаналы топтарына:
табысы аз адамдар;
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
мүгедектер;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
оралмандар;
келешегі жоқ жастағы тұлғалар (елу жастан жоғары);
курстық даярлығының, бастауыш, орта және жоғары кәсіптік білім бітірушілері жатады;
жұмыс берушінің таратылуына, жұмысшылар санының немесе штатының қысқартылуына байланысты босатылғандар;
ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемеген тұлғалар;
жұмыс тәжірибесіз өткен жылғы мектеп бітіруші түлектер;
18 жасқа дейінгі балалары бар ата-аналар.

Қолданыстағы