Құжат мәтініне өту

Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қаулы · № 37 · қабылданған 09.01.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.12.2009 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-44392/?version=AI44392_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 37 ·09.01.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

ҚАЗАудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 37 · қабылданған 09.01.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Атауы (қаз.)
Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37
Қабылданған күні
09.01.2009
Көрсетілген редакция
31.12.2009 · қолданыстағы AI44392_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
31.12.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09ZI000073
ЭКБ идентификаторы
44392
Редакция идентификаторы
AI44392_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 12:04

0 Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру бағытында 23 қаңтар 2001 жылғы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31 бабына сай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұсынбасына сай 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізбелері мен қоғамдық жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. "Аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" (Н. Оразов) мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушыларға төленетін жалақы ең төменгі мөлшерінде кем болмайтын көлемінде жүргізілсін.

4

4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (М. Ермеғали) аудан халқын еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік жағынан қорғау мақсатында еңбек ақыларының уақытында төленуін және олардың жұмыс берушілермен арасында жасалатын құжаттарының заң талаптарына сай болуын қамтамасыз ету жүктелсін.

5 5. Аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке осы қаулының орындалуына бақылау жасау жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Аудан әкімдігінің

2009 жылғы 9 қаңтардағы
N 37 қаулысына қосымша
Аудан бойынша 2009 жылғы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыратын мекемелердің тізбелері мен қоғамдық
жұмыстардың түрлері және қаржыландыру көздері
қ/с
Мекеме, ұйым, құрлымының атаулы тізбелері
Қоғамдық жұмыстың түрлері
Қаржыландыру көздері
1
Селолық округтер әкімшіліктері және оның аумағындағы бюджеттік мекемелер
Ауыл, село тазалығын сақтау (мерзімді уақытта қар аршу, көше сыпыру және күлқоқыстарды шығару). Көгалдандыру (ағаш егу, күтіп бағу, бағбан)
Жергілікті бюджет
2
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі
Селолық округтердегі мал дәрігерлерге көмекші жұмысшы алу.
Ірі қара малын қолдан ұрықтандырушыға көмекші жұмысшыларын алу
Жергілікті бюджет
3
Қаратөбе ауданының ішкі істер бөлімі
Іс қағаз тасушы
Жергілікті бюджет
4
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім
Іс қағаз тасушы
Жергілікті бюджет
5
Аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын
Су жүйесін жүргізушіге көмекші алу
Жергілікті бюджет
6
Аудандық прокуратура
Күзетші
Жергілікті бюджет
7
Аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
Іс қағаз тасушы
Жергілікті бюджет
8
"Қаратөбе балалар шығармашылық үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын
Маусымдық мал бақташы алу
Жергілікті бюджет
9
"Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы
Іс қағаз тасушы
Жергілікті бюджет
10
Аудандық мәслихат
Іс қағаз тасушы
Жергілікті бюджет