Құжат мәтініне өту

О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2009 году

Қаулы · № 19/2 · қабылданған 17.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-44809/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2009 году Күшін жойған Қаулы ·№ 19/2 ·17.02.2009
22.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2009 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 19/2 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О социальной защите граждан в сфере занятости населения в 2009 году
Атауы (қаз.)
2009 жылы тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19/2
Қабылданған күні
17.02.2009
Көрсетілген редакция
22.01.2010 44809_217481.kaz
Соңғы өзгеріс
22.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09PI000085
ЭКБ идентификаторы
44809
Редакция идентификаторы
44809_217481
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:44

0 2009 жылы тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы, 5 бабы 2 тармағына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтiк - қорғаусыз санатындағы жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Лебяжi ауданы бойынша тұрғындардың мақсатты топ құрамына кiретiн тұлғалардың тiзбесi:

50 жастан жоғары тұлғалар;
дәрiгерлi-кеңестiк комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулерi бар тұлғалар;
бiр де бiр жұмыскерi жоқ аз қамтамасыз етiлген отбасылардың жұмыссыздары.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

3 3. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағадрламалар бөлiмi тұрғындардың мақсатты тобынан жұмыссыздар үшiн 75 әлеуметтiк жұмыс орынын құру жөнiнде мекемелер және ұйымдармен жұмыс ұйымдастырсын.

4 4. Ауданның қаржы бөлiмi бекiтiлген қаржы шегiнде аудандық бюджеттен әлеуметтiк жұмыс орындарын уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсiн.

5 5. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейiн 10 күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Ө. Сағандықовқа жүктелсiн.

7 Мақсатты топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушiлердiң iрiктеу тәртiбi

Лебяжi аудан әкiмдiгiнiң
17 ақпандағы 2009 жылғы
№ 19/2 қаулысына
қосымша
Мақсатты топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру
үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды
ұсынушы жұмыс берушiлердiң iрiктеу тәртiбi

1 1. Жұмыс берушi әлеуметтiк жұмыс орнының ұйымына тапсырыс бередi.

2

2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынушы жұмыс берушiлердi iрiктеу барысында уәкiметтi орган келесi талаптарды есепке алады: кәсiпорындардың төлемге қабiлеттiлiгi, еңбекақының уақытында төленуi, жұмыс орнының техникалық қауiпсiздiк нормаларына сәйкестiгi, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексiнiң кәсiпорын қалыптарын сақтауы, уәкiлеттi органдардың келiсiлген шарт мерзiмiнiң өтуi бойынша жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкiндiгi.

3

3. Жұмыс берушi уәкiлеттi органмен әлеуметтiк жұмыс орнын ұйымдастыруға шарт жасайды. Шартта екi жақтың мiндеттерi, жұмыс түрлерi, көлемдерi, еңбек төлемiнiң мөлшерлерi мен жағдайы, әлеуметтiк жұмыс орындарының қаржыландырылу көздерi, бағытталған жұмыссыздар саны көрсетiледi. Жұмыс уақытша және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орын қолданылуы мүмкiн емес.

4 4. Уәкiлеттi орган тұрғындардың мақсатты тобының жұмыссыздарын әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастыру үшiн бағыт бередi (жолдама).

5 5. Жұмыс берушi бағытталған жұмыссызды әлеуметтiк жұмыс орнына қабылдайды, онымен еңбек шартына отырады, техникалық қауiпсiздiк нормаларға сәйкес жұмыс орнын ұсынады. Жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына орналастыру мерзiмi алты айға дейiн рұқсат етiледi.

6

6. Жұмыс берушiлер қала бюджетiнiң қаражатынан еңбек төлеу жөнiндегi шығынды қайтару үшiн ағымдағы жылғы әр айдың 20-на дейiн Уәкiлеттi органға белгiленген тәртiпте: жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрықтың, көшiрмесi, жұмыс уақытын есептейтiн табельдi, жұмысшылардың әлеуметтiк жұмыс орнына қабылдануы туралы есеп және орындалған жұмыс актiсiн ұсынады.

7 7. Мақсатты топтың жұмыссыздарын жұмысқа орналастыру үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушiнiң осы iрiктеу тәртiбiн орындауды бақылау Уәкiлеттi органға жүктеледi.

Қолданыстағы