Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по Буландынскому району на 2009 год

Қаулы · № а-02/31 · қабылданған 16.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-44885/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по Буландынскому району на 2009 год Күшін жойған Қаулы ·№ а-02/31 ·16.02.2009
20.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по Буландынскому району на 2009 год

Күшін жойған Қаулы ·№ а-02/31 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов по Буландынскому району на 2009 год
Атауы (қаз.)
Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
а-02/31
Қабылданған күні
16.02.2009
Көрсетілген редакция
20.01.2010 44885_201877.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BG000076
ЭКБ идентификаторы
44885
Редакция идентификаторы
44885_201877
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:45

0 Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2009 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2 тармақшасына сәйкес, жұмыс іздеуде қиындық көретін мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бұланды ауданы бойынша 2009 жылы мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жалпы жұмыс орындары санынан үш пайыз жұмыс орындары квотасы белгіленсін.

2

2. «Бұланды ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін 2008 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Бұланды ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № а-3/48 қаулысының (номативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-7-65 тіркелген, аудандық «Бұланды жаршысы-Вести Буланды» газетінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 17 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Еслямоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы 2009 жылғы 5 қаңтардан бастап пайда болған құқықтық қатынастарда қолданылады.

5 5. Осы қаулы Бұланды ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және аудандық газетте ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы