Құжат мәтініне өту

2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 74 · қабылданған 24.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.06.2012 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45013/?version=AI45013_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 74 ·24.02.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

ҚАЗ2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 74 · қабылданған 24.02.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
24.02.2009
Қолданысқа енгізілген күні
11.04.2009
Көрсетілген редакция
08.06.2012 · қолданыстағы AI45013_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
08.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GC000080
ЭКБ идентификаторы
45013
Редакция идентификаторы
AI45013_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:41

0 2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7, 18-1 баптарына сәйкес және нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мақсатында, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылға арналған әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ү. Наймановаға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

5 Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi

Жамбыл ауданы әкімиятының
2009 жылғы 24 ақпандағы № 74
қаулыға қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi
Осы әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 18-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленген және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбiн айқындайды.

1 1. Жалпы бөлім

1 1. Аталған тәртіптегі пайдаланатын негізгі ұғымдар:

1 1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;

2 2) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көрiп жүрген және әлеуметтiк қорғауды қажет ететiн адамдар ретiнде "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленген адамдар топтары;

3 3) Уәкілетті орган – "Жамбыл ауданы әкімиятының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбi

2 2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу арнаулы құралған комиссиямен жүргізіледі.

3 3. Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органының және басқа да мекеме ұйымдардың өкілдері кіреді.

4 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілерді іріктеу жөніндегі комиссияның шешімі ауданның атқарушы органымен бекітіледі.

5 5. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілер төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1 1) жұмыс берушілердің салық және бюджетке басқа төлемдер бойынша қарыздары жоқ және төлемдік қабілеттілігі;

2 2) нысаналы топтар үшін әдейі арналған уақытша жұмыс орындары немесе оларды құруға мүмкіндігі бар болуы;

3 3) әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос орындарды пайдаланбау.

6 6. Комиссияның шешімі негізінде уәкілетті орган жұмыс берушілермен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсетуге шарттар жасайды.

7 7. Жасалған шарттың негізінде жұмыс беруші нысаналы топтар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды құрады.