Құжат мәтініне өту

Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2009 году

Өзге акт · № С-13/3 · қабылданған 18.02.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45033/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2009 году Күшін жойған Өзге акт ·№ С-13/3 ·18.02.2009
26.02.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2009 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ С-13/3 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об оказании ежемесячной социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Шортандинского района в 2009 году
Атауы (қаз.)
2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
С-13/3
Қабылданған күні
18.02.2009
Көрсетілген редакция
26.02.2010 45033_204483.kaz
Соңғы өзгеріс
26.02.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BR000067
ЭКБ идентификаторы
45033
Редакция идентификаторы
45033_204483
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:44

0 2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылдың 4 желтоқсанындағы Бюджеттік кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. 2009 жылы Шортанды ауданының мұқтаж азаматтарының жеке санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек келесі мөлшерде көрсетілсін:

1 1) отбасы мүшелерінің бірінің жан басына шаққанда күнкөрісі деңгейінен төмен табысы бар азаматтар (отбасылар) – 50 пайызды айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде;

2 2) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға -бір айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде.

2 2. Уәкілетті орган болып табылатын Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоғарыда көрсетілген санаттарға ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетудің шығындарын қаржыландыру көзделген қаражат есебінен 451007 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.

4 4. Төлем қызметі заңдарда белгіленген тәртіппен «Қазпошта» Акционерлік қоғамы және Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жасаған шарт негізінде жүргізіледі.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шортанды аудандық мәслихатының тексеру комиссиясына жүктелсін.

6 6. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқық қатынастарға таралады.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі С.Қамзебаев
Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Ж.Мұнтаева
Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы О.Мут

Қолданыстағы