Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Қаулы · № 94/6 · қабылданған 06.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45206/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 94/6 ·06.04.2009
19.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 94/6 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Атауы (қаз.)
Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
94/6
Қабылданған күні
06.04.2009
Көрсетілген редакция
19.04.2010 AI45206_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09P0003133
ЭКБ идентификаторы
45206
Редакция идентификаторы
AI45206_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:27

0 Азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 19-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" № 779 Жарлығының 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" № 623 қаулысына сәйкес Павлодар облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Павлодар облысының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымшылдықпен өткізу қамтамасыз етілсін.

2 2. Облыс қаржы басқармасы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етуге байланысты іс-шараларды қаржыландыруды 2009 жылға арналған облыстық бюджетте белгіленген шығыстарға сәйкес қамтамасыз етсін.

3

3. Облыс денсаулық сақтау басқармасы азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес медициналық комиссиялардың құрамында тиісті санаттағы және әскери-дәрігерлік сараптамада тәжірибесі бар медицина қызметкерлерінің қажетті санын бөлсін.

4 4. Облыс ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):

ішкі істер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырылмай айыпталған азаматтардың тізімдерін шақыру комиссиялары-на уақытында беру;
әскерге шақырылған азаматтарды әскерге аттандыратын кезеңде облыстық жиналу пункті мен теміржол сапаржайында полиция жасақтарының кезекшілігін ұйымдастыру ұсынылсын.

5 5. Қалалар мен аудандар әкімдері:

қалалар мен аудандардың бюджеттеріне сәйкес азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
шақырылғандарды медициналық куәландыру және шақыру комиссияларының жұмыс істеуі үшін қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына жабдықталған үй-жайлар берсін, өтінімдерге сәйкес көлікпен, сондай-ақ тиісті санаттардағы медициналық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің қажетті санының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
азаматтарды әскерге шақыру және аттандыру кезінде әскерге шақыру пункттерінде жұмыс істеуге қатыстырылатын шақыру комиссиялары мүшелерінің, медициналық персонал мен техникалық қызметкерлердің жұмыс орындарының, атқаратын қызметтері мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсін;
запасқа шығарылған әскери қызметшілерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдессін.

6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы М.М. Оспановқа жүктелсін.

Келісілді:
Облыс ішкі істер
департаментінің бастығы:
Н.Қыдырғожаев
Облыс қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің бастығы:
А. Алдажаров

Қолданыстағы