О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2009 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 173
- Қабылданған күні
- 31.03.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2009 AI45487_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KN000094
- ЭКБ идентификаторы
- 45487
- Редакция идентификаторы
- AI45487_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:30
0 2009 жылы жергілікті өкілетті органдардың шешімімен көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарының негізінде Нұра аудандық Маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. "Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Қазпочта" АҚ - арқылы банктік операциялар түрлеріне сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімімен қаралған әлеуметтік төлемақылардың тиісті сомаларын, аудан азаматтарының келесі аталған жекелеген категорияларына төленсін:
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесіне:
1 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, әлеуметтік көмек төлемі Нұра ауданының мемлекеттік Зейнетақы төлеу Орталығы ұсынған тізім бойынша беріледі;
2 2) бұрыңғы концлагерлердің кәмелетке толмаған тұтқыны болғандарға;
3 3) Ленинград блокадасы кезінде сол жерде жұмыс істеп және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "блокадалық Ленинградтың тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға;
4 4) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда жанкештілік еңбегі және мінсіз әскери кызметі үшін бұрынғы КСРО-ның ордендері және медалдарімен марапатталған тұлғаларға;
Балаларды қорғау күніне: