Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан Республики Казахстан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Қаулы · № 71 · қабылданған 03.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45558/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан Республики Казахстан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 71 ·03.04.2009
03.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан Республики Казахстан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 71 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва на срочную воинскую службу граждан Республики Казахстан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
71
Қабылданған күні
03.04.2009
Көрсетілген редакция
03.10.2011 45558_200671.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SI000090
ЭКБ идентификаторы
45558
Редакция идентификаторы
45558_200671
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:28

0 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында аудан аумағында

Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды
ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы 8 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 19-бабы 3-тармағына, 20-бабы 3-тармағына, 23 бабына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ережесі туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді қорға шығару туралы және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2009 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімдерде жиырма жеті жасқа жетпеген әскери қызметте болмаған, оқу орындарынан шығарылған азаматтар, сондай-ақ шақыртудан кейін қалдыруға және босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер балаларын мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастырып, қамтамасыз етсін.

2 2. Ауданда әскерге шақыруды жүргізу үшін құрамы қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.

3 3. Шақыру комиссиясы Булаев қаласында Мағжан Жұмабаев ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пуктінде жүргізілсін.

4 4. Орталық аудандық емхананың бас дәрігері Г.Т.Сағындықоваға (келісім бойынша) әскери оқу орындарына түсетін әскерге шақырылғандар мен кандидаттарды медициналық куәландыру үшін:

мамандығы бойынша тәжірибелі маман-дәрігерлер және орта медициналық персоналдың қажетті санын бөлу;
әскерге щақыру комиссиясын қажетті медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері В.В. Уваровқа (келісім бойынша) аудандық ауруханада әскерге шақырылғандарды стационарлық тексеру үшін орын бөлу ұсынылсын.

6 6. «Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі шақыру науқанын жүргізу кезінде:

алыс елді мекендерде тұратын азаматтарды медициналық және әскерге шақыру комиссиясын өтуге жеткізу үшін ПАЗ 672 автобусын бөлуді;
қызмет көрсететін персонал және техникалық жұмысшылардың қажетті санымен қамтамасыз етсін.

7 7. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ж.Қ. Шәріповқа ұсынылсын (келісім бойынша):

Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери міндет туралы» Заңының 27 және 28-баптарына сәйкес кейінге қалдыру және босату туралы шешім қабылдаған кезде заңдылықты қамтамасыз ету;
әскерге шақыру аяқталған соң аудан әкімдігіне әскерге шақырудың қорытындысы туралы ақпарат беру.

8 8. Ауданның қаржы бөлімінің бастығы М.И. Омарова бөлінген қаражат шегінде шақыру науқанын уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

9 9. Әскерге шақыру пунктіне іссапарға жіберілген шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің, сондай-ақ қызмет көрсету персоналының жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысы сақталады.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.П. Мұсақұловаға жүктелсін.

11 11. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

12 Аудан әкімдігінің

2009 жылғы 3 сәуірдегі
қосымшасы
Әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Шәріпов Жайлау
Қабылқайырұлы
– аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Бражник Галина
Николаевна
- аудан әкімі аппаратының бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Донова Людмила
Николаевна
- салауатты өмір салты бойынша медициналық бике, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Тәженов Қайрат
Сералыұлы
– аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
Учайкина Галина
Васильевна
– аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша)
Шақыру комиссиясының қандай да бір мүшелері міндеттерін атқару мүмкіндігі болмай қалған жағдайға, резервті комиссия құрамы құрылсын:
Өтеуов Ерлан
Сайранұлы
- Әскери қызметшілерді келісім-шарт бойынша алу және әскерге шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Алдаева Сара
Тілеубергенқызы
- ауданның ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Васильева Светлана
Леонидовна
- аудандық емхананың аға медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Көшеков Қанат
Рамазанұлы
- аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры келісім бойынша)
Сапарова Бахытгүл
Ялгашқызы
- аудандық емхананың терапевт дәрігері(келісім бойынша)

Қолданыстағы