Құжат мәтініне өту

О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Қаулы · № 75 · қабылданған 03.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45559/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 75 ·03.04.2009
08.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 75 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
75
Қабылданған күні
03.04.2009
Көрсетілген редакция
08.04.2013 45559_199201.kaz
Соңғы өзгеріс
08.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SE000092
ЭКБ идентификаторы
45559
Редакция идентификаторы
45559_199201
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:28

0 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруы туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңы 19, 20 баптарына сәйкес және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы мен «Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру Ережесі» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысын іске асыру мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.

3 3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емхана» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бас дәрігері Қаныш Болатұлы Бижановқа ұсынылсын (келісім бойынша):

Әскерге шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті құрамда тәжірибелі дәрігер мамандары және орта дәрігерлер қызметкерлер мен қамтамасыз етсін;
Аудандағы емдеу мекемесінде әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеруден өткізу үшін орын қарастырылсын;
Шақыру учаскесін қажетті аспаптармен, дәрі-дәрмекпен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.

4 4. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Геннадьевна Дышкантқа Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шақырылуды өткізу үшін, бюджетте қаралған қажетті қаражатты уақытылы бөлінуді қамтамасыз етсін.

5 5. Селолық округтердің әкімдері персоналдық әскерге шақыру қағазында көрсетілген мерзімінде әскери шақырылушыларды шақыру комиссиясына келуін және облыстық жинақтау пунктіне жөнелтуін қамтамасыз етсін.

6 6. «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Дулат Бекейұлы Ғабдуллинға (келісім бойынша):

Әскерге шақырылу кестесін әзірлесін және бекіту үшін ұсынсын; Әскерге шақырудың қорытындысы туралы аудан әкіміне әскери шақыру аяқталған соң ақпарат берсін.

7 7. Әскерге шақыру комиссияларының мүшелеріне медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсету персонал адамдарына осы міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталады.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Комисся мүшелері

Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 3 сәуірдегі
№ 75 қаулысына
қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссияның құрамы
Ғабдуллин
Дулат Бекейұлы
«Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеменің бастығы, комиссия төрағасы
Симиков Василий Иванович
аудан әкімі аппаратының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маман, комиссия төрағасының орынбасары
Комисся мүшелері
Ташетов Серік Ешімбайұлы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары
Селезень Алексей Николаевич
Қазақстан Республикасының деңсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның емханалық жұмысы бойынша бас дәрігер орынбасарының міндетін атқарушы, дәрігерлік комиссия төрағасы
Бейкель Светлана Николаевна
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның «Аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның аға медбикесі, комиссия хатшысы

Қолданыстағы