Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Қаулы · № 73 · қабылданған 06.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45560/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 73 ·06.04.2009
06.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 73 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан на срочную воинскую службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
73
Қабылданған күні
06.04.2009
Көрсетілген редакция
06.01.2010 45560_196370.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SC000096
ЭКБ идентификаторы
45560
Редакция идентификаторы
45560_196370
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:27

0 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 19-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 779 Жарғысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жас аралығындағы мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызмет мерзімін өткермеген оқу орындарынан шығарылған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы халық қауіпсіздігі Комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Гвардиясына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясы мынадай құрамда құрылсын:

Чепухин Сергей Иванович
комиссия төрағасы, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы
Тілеубаева Раушан Райымжанқызы
комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкімінің орынбасары
Комиссия мүшелері:
Әшімов Аян Әбуұлы
«Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие және кадрлар жұмысы жөніндегі орынбасары
Ғабдулина Ботагөз Қабдығалымқызы
медициналық комиссияның төрағасы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық өнеркәсібінің нарколог-дәрігері
Нұртазина Әнипа Бақытжанқызы
комиссия хатшысы, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық өнеркәсібінің медбикесі

3 3. Селолық округ әкімдері азаматтарды хабарландыруды және олардың шақыру учаскесіне уақытылы келулерін қамтамасыз етсін.

4 4. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Айыртау аудандық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық өнеркәсібінің бас дәрігері құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп (келісім бойынша):

шақырылғандарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияны дәрігер-мамандармен құрастырсын;
комиссияны қажетті құралдармен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз етсін;
ауданның емдеу-алдын ала емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін орындар көзделсін.

5 5. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен осы іс-шараларды өткізуге бөлінген қаражат шегінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

6 6. «Айыртау аудандық ішкі істер бөлімі» Мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):

шақыру және аттандыру кезеңінде «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» Мемлекеттік мекемесімен өзара іс-әрекеттерін ұйымдастырсын;
аудандық шақыру пунктінде тәртіпті қамтамасыз етсін.

7

7. «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, «Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесі әскери қызметке аттану кезінде, облыстық жинау пунктіне салтанатты шығарып салу рәсімін, спорттық-бұқаралық іс-шараларын ұйымдастырып өткізсін.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Р. Тілеубаеваға жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы