Құжат мәтініне өту

Об утверждении Инструкции по оказанию единовременной материальной помощи многодетным матерям в 2009 году

Қаулы · № 117 · қабылданған 14.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45565/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Инструкции по оказанию единовременной материальной помощи многодетным матерям в 2009 году Күшін жойған Қаулы ·№ 117 ·14.04.2009
01.01.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Инструкции по оказанию единовременной материальной помощи многодетным матерям в 2009 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 117 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Инструкции по оказанию единовременной материальной помощи многодетным матерям в 2009 году
Атауы (қаз.)
2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
117
Қабылданған күні
14.04.2009
Көрсетілген редакция
01.01.2010 AI45565_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VA000109
ЭКБ идентификаторы
45565
Редакция идентификаторы
AI45565_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:24

0 2009 жылы көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және Өскемен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 18 ақпандағы № 13/4 «2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 11/4 «2009 жылға Өскемен қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгертулер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-1-102 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса берілген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. Ж. Жүніспековаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

4 2009 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық

Өскемен қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 14 сәуірдегі
№ 117 қаулысымен
бекітілген
2009 жылы «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға біржолғы материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Нұсқаулық «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналарға, сонымен қатар төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналарға 2009 жылы біржолғы материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – көп балалы аналар) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды.

2 2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмекті тағайындау

2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек Өскемен қаласында тұрақты тұратын және мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Өскемен қалалық бөлімінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушы азаматтарға беріледі.
2. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмекті тағайындау

3 3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек «Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – Бөлім) жылына бір рет, өтініш иесі келесі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:

1 1) біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өтініш;

2 2) жеке басын растайтын құжат;

3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірін;

4 4) Өскемен қаласындағы тіркелімін растайтын құжат;

5 5) көп балалы ана мәртебесін растайтын құжат;

6 6) мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Өскемен қалалық бөлімінен арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатыны туралы анықтамалар.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқалар және көшірмелер түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.

4 3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу

4. Көп балалы аналарға берілетін біржолғы материалдық көмектің мөлшері 10000 теңгені құрайды.
3. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу

5 5. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек төлеу 451.007.000 «Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.

6 6. Көп балалы аналарға біржолғы материалдық көмек өтініш иесі көрсеткен мекенжайға «Қазпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жеткізіледі.

Қолданыстағы