Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Қаулы · № 05/01 · қабылданған 30.03.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45592/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 05/01 ·30.03.2009
01.04.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 05/01 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
05/01
Қабылданған күні
30.03.2009
Көрсетілген редакция
01.04.2010 AI45592_4.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KN000095
ЭКБ идентификаторы
45592
Редакция идентификаторы
AI45592_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:30

0 2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес, және 2009 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында шақыруы кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ 18 ден 27 жасқа дейінгі азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Аудандық шақыру комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Ауыл және кент әкімдері:

1 1) 2009 жылы мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын 1982-1991 жылдары туған азаматтарды қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің тізбесі бойынша шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясынан өткізу және жіберу үшін жеткізуін ұйымдастырсын.

4 4. Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Қайролла Шәріпұлы Жолболдин - келісім бойынша) әскерге шақыру мәселелері бойынша қажетті шараларды жүзеге асырсын.

5 5. Аудандық медициналық бірлестігі (Бөкеш Орақұлы Еспаев - келісім бойынша) аудандық шақыру комиссиясын шақыру мерзіміне маман-дәрігерлермен, орта медициналық персоналмен жиынтықтасын, кабинеттерді медициналық құрал-жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз етсін.

6 6. Нұра ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Гүлсара Құрашқызы Досполова - келісім бойынша) шақыру учаскесінің күйіне санитарлық бақылауды қамтамасыз етсін.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қанат Ісләмұлы Әпеков - келісім бойынша):

1 1) әскерге шақырудан жалтарғандардың іздестіруін және ұстауын қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырылғандарды жіберу және жеткізу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, олардың шақыру комиссиясына және әскерге жіберу кезінде қорғаныс бөліміне және Қарағанды қаласының облыстық жиналыс пунктіне дейін ере жүруін қамтамасыз етсін.

8

8. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі "2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы"(2008 жылдың 22 сәуірінде Қарағанды облысы Әділет Департаментінің Нұра ауданының Әділет басқармасында тіркелінген, мемлекеттік тіркеу N 8-14-69) N 05/03 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

10 10. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының бастығы
Г.Қ. Досполова
30.03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық медициналық
бірлестігінің
директоры
Б.О. Еспаев
30.03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Нұра ауданының қорғаныс істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
Қ.Ш. Жолболдин
30.03.2009 жыл
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы
Қ.І. Әпеков
30.03.2009 жыл

15 Қосымша

аудан әкімдігінің
2009 жылғы 30 наурыздағы
N 05/01 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
1. Жолболдин Қайролла
Шәріпұлы
- комиссия төрағасы,
Нұра ауданының қорғаныс
істер жөніндегі
бөлімінің бастығы
(келісім бойынша)
2. Гизатулин Фаниль
Фанауивич
- комиссия төрағасының
орынбасары,
аудан әкімі аппаратының
азаматтық қорғаныс
және төтенше жағдайлар
жөніндегі бас маманы
3. Насихатова Лязат
Өскембайқызы
- комиссия хатшысы,
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
4. Протасенко Константин
Викторович
- Нұра ауданының ішкі
істер бөлімі
бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
5. Әбішева Жанар
Әшірбайқызы
- аудандық медициналық
бірлестігінің
терапевт-дәрігері
(келісім бойынша)

Қолданыстағы