2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10-258
- Қабылданған күні
- 24.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2010 · қолданыстағы AI45634_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DA000099
- ЭКБ идентификаторы
- 45634
- Редакция идентификаторы
- AI45634_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:17
0 2009 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 1-бабының 7)-тармақшасына, 7-бабының 5)-тармақшасына, 20-бабына Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 13)-тармақшасына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтары үшін 2009 жылға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Ақы төленетін қоғамдық жұмыстар қажетті ұсыныс пен сұранысқа сай ұйымдастырылсын.
3 3. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б.Мұхаметжан):
бекітілген тізбелерге сәйкес қала кәсіпорындарымен және ұйымдарымен қоғамдық жұмыстарға шартқа отырсын,
қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздармен жұмыс берушілер еңбек шартына отырып, орындалуын қамтамасыз етсін;
нақты атқарылған жұмыстарға ақы төлеу жергілікті бюджеттен еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі еңбек ақы мөлшерінен кем емес мөлшерде атқарылған жұмыстың актілері және жұмыс жұмыс уақытының есебі көрсетілген табель бойынша жүргізілсін.
4
4. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы "2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру орындарын құру туралы" нөмірі 1-9 қаулысы (Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 20 ақпанындағы тіркелген нөмірі 2-1-64, "Талдықорған" газетінің 2008 жылдың 29 ақпанындағы 9-нөмірінде жарияланған) және Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 09 қазандағы "Талдықорған қаласының әкімдігінің 2008 жылдың 15 қаңтардағы "2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы" 1-9 қаулысына өзгерту енгізу туралы" нөмірі 24-1002 қаулысы (2008 жылдың 14 қарашасындағы Талдықорған қаласының әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2-1-88, 2008 жылдың 21 қарашасындағы "Талдықорған" газетінің 47-нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Қ. Көлбаевқа жүктелсін.
6 Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтары үшін 2009 жылы ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбесі
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров
Талдықорған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 24 сәуірдегі "2009
жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы" N 10-258
қаулысына қосымша
Талдықорған қаласының жұмыссыз азаматтары үшін 2009 жылы ұйымдастырылатын қоғамдық жұмыстардың түрлері мен ұйымдардың тізбесі
N
Ұйымдардың
тізбелері
Қоғамдық жұмыстар
түрлері
Көлемі мен
нақты жағдай
лары
Қоғам-
дық
жұмыс
тың
ұзақтығы
Ең
төмен-
гі
еңбек ақы
Қаржы-
ланды-
ру көз
дері: жергі-
лікті бюджет
1
Алматы
облыстық
басқармасы
"Қазақ
соқырлар
қоғамы"
қоғамдық
бірлестігінің филиалы
Көзі көрмейтін
мүгедектерге
құжаттардың
көшірмесін түсіруге
және басып шығаруға
көмектесу.Ұйымның
аймағын жинауға
қатысу.
4500 рет
10 шаршы метр
6 сағат
13470
646560
Барлығы:
646560
2
"Алматы
облысының
Азаматтық
Альянс" ассоциациясы формасындағы
заңды
тұлғалар
бірлестігі
Әлеуметтік қорғауға
мұқтаж халықтың әр
-түрлі санаттарының
деректер қорын
ілестіру және
техникалық
жұмыстарды
жүргізуге көмек
көрсету.
120 рет
7 сағат
13470
1131480
Барлығы:
1131480
3
"Алматы
облысының
"Бірлік"
жастар
қауымдастығы" заңды
тұлғалардың
бірлестігі
Әлеуметтік
мәселелер бойынша
халыққа сауалнама
жүргізу, қоғамдық
пікір-сауалын
жүргізуге қатысу.
300 рет
7 сағат
13470
484920
Барлығы:
484920
4
Асырауында
балалары бар
мүгедек
аналардың Республикалық "БИБІ-АНА" қоғамы
Талдықорған
қалалық
филиалы
Әлеуметтік-дәрігерлік сараптама өту
мақсатында
құжаттарды
рәсімдеу, мүгедек
адамдарға
көмектесу, емдеу
мекемесіне апару.
500 рет
7 сағат
13470
323280
Барлығы:
323280
5
"ВИДЕРГЕБУРТ"
Талдықорған
немістер
қоғамдық
бірлестігі
Мәдени көпшілік
шараларды өткізуге
көмектесу.
285 рет
7 сағат
13470
646560
Барлығы:
646560
6
"Единство"
Талдықорған
қалалық
мүгедектер
қоғамы"
қоғамдық
бірлестігі
Әртүрлі құжаттарды
өңдеу бойынша
техникалық
жұмыстарды
жүргізуге көмек
көрсету. Ұйымның
аймағын тазалауға
қатысу.
360 дана
50 шаршы метр
6 сағат
13470
1293120
Барлығы:
1293120
7
"Еркін
селолық
округінің
әкім
аппараты"
мемлекеттік
мекемесі
Мелиоративтік
жұмыстар жүргізу
(арық жүйелерін
тереңдету,
тазалау). Ауылды
санитарлық тазалау
(күл-қоқыстан
тазарту, шөптерді
шабу, қоршауларды
сырлау).
50 шаршы метр
150 шаршы метр
6 сағат
13470
13470
404100
4445100
Барлығы:
4849200
8
"Жасөспірім"
дағдарыс
орталығы
қоғамдық
бірлестігі
Қоғамдық компания
ұйымдастыруға және
өткізуге көмек
көрсету.
20 рет
7 сағат
13470
808200
Барлығы:
808200
9
"Жас Ұрпақ"
жастар
қоғамдық
бірлестігі
Балалар мен
жасөспірімдердің
бос уақыттарын
ұйымдастыру үшін
қоғамдық компания
өткізуге көмек
көрсету.
150 рет
7 сағат
13470
484920
Барлығы:
484920
10
"Көркейту"
қалалық
мемлекеттік
коммуналдық
кәсіпорны
Қаланы санитарлық
тазалау (күл-
қоқыстан тазарту,
шөптерді шабу,
қоршауларды
сырлау).
Мелиоративтік
жұмыстар жүргізу
(арық жүйелерін
тереңдету,
тазалау).
2500
шаршы
метр
айына
6 сағат
13470
17295480
Барлығы:
17295480
11
"Қазақстан
Республикасы
Қызыл Ай
қоғамы"
қоғамдық
бірлестігінің
Алматы
облыстық
комитеті
филиалы
Мүгедек балаларға
қайырымдылық
көмекті тарату.
"Қызыл Ай" қоғамы-
ның асханасында
тегін тамақ беруді
ұйымдастыру
жұмыстарына көмек
көрсету. Ұйымның
аймағын жинауға
қатысу.
24 рет
12 рет
60 шаршы
метр
7 сағат
13470
2262960
Барлығы:
2262960
12
Мемлекеттік
зейнетақы
төлеу
жөніндегі
орталығының
Алматы
облыстық
филиалының
Талдықорған
қалалық
бөлімшесі
Құжаттарды
рәсімдеуге
көмектесу
(көшірмесін
түсіру, жеке іс
қағаздарын тігу).
120 іс
-шара
4500
бет
7 сағат
13470
646560
Барлығы:
646560
13
"Мүгедек және
ақыл-есі, дене
бітімінің
кемістігі бар
балаларға
қамқорлық
көрсетуші
ата-аналардың
"АЛПАМЫС"
ассоциациясы"
қоғамдық
бірлестігі
Әлеуметтік
-дәрігерлік
сараптама өту
мақсатында мүгедек
адамдарға
құжаттарды
рәсімдеуге көмек
көрсету, емдеу
мекемесіне апару.
Ұйымның аймағын
жинауға қатысу.
420 рет
1260 бет
60 шаршы метр
7 сағат
13470
646560
Барлығы:
646560
14
"Мүшелтой"
балалар мен
жасөспірімдер
клубы"
қоғамдық
бірлестігі
Балалар мен
жасөспірімдердің
бос уақыттарын
ұйымдастыру және
үйірме жұмыстарын
жүргізуге
көмектесу.
Ұйымның аймағын
жинауға қатысу.
3 секция
30 шаршы метр
7 сағат
13470
1131480
Барлығы:
1131480
15
"Мұрагер"
ардагерлер
мен жастардың
істері
жөніндегі
қоғамдық
бірлестігі
Ардагерлер мен
мүгедектердің
мекен-жайын
анықтап, тізімін
құруға көмектесу,
хат тарату,
істерді тігу.
Ұйымның аймағын
жинауға қатысу.
280 дана
30 шаршы метр
6 сағат
13470
484920
Барлығы:
484920
16
"Өтенай
селолық
округінің
әкім
аппараты"
мемлекеттік
мекемесі
Мелиоративтік
жұмыстар жүргізу
(арық жүйелерін
тереңдету,
тазалау).
Ауылды санитарлық
тазалау (күл-
қоқыстан тазарту,
шөптерді шабу,
қоршауларды
сырлау).
70 шаршы метр
180 шаршы метр
6 сағат
13470
13470
404100
4445100
Барлығы:
4849200
17
"Полония"
Талдықорған
аймақтық
поляк мәдени-
ағарту
қоғамы"
қоғамдық
бірлестігі
Үйірме жұмыстарын
ұйымдастыру
мақсатында
жасөспірімдерді
шыбық тоқуға
үйрету.
Мәдени-көпшілік
шараларды өткізуге
көмектесу.
1 үйірме
20 рет
7 сағат
13470
969840
Барлығы:
969840
18
"Талдықорған
аймақтық
әйелдерді
қолдау
орталығы"
қоғамдық
бірлестігі
Құжаттарды басып
шығаруға,
көшірмесін
түсіруге
көмектесу.
1200 бет
7 сағат
13470
323280
Барлығы:
323280
19
"Талдықорған
аймақтық
еңбекке
орналастыруға
жәрдем
көрсету қоры"
қоғамдық қоры
Жұмыс іздеу
клубы.
Мекен-жайы бойынша
оқырмандарды
ескертуге көмек
көрсету.
Оралмандар
отбасына әр-түрлі
құжаттарды өңдеу
бойынша техникалық
жұмыстарды
жүргізуге көмек
көрсету.
Ағымдағы жөндеу
жұмыстарына
көмектесу (әктеу,
сырлау).
Белгілі мекен-жайы
жоқ адамдардың
құжаттарын басып
шығару, көшірмесін
түсіруге көмек
көрсету.
Арнайы алдын-алу
ақпараттық-
білімдік әдебиетті
таратуға көмектесу
және техникалық
жұмыстарды
жүргізу.
Шұғыл ақпаратпен
басылған
қағаздарды
жеткізу.
Ұйымның аймағын
тазалау.
50 дана
350 рет
2000 бет
80 дана
2800 шаршы метр
30 рет
2500 дана
100 іс
60 шаршы метр
7 сағат
13470
13470
13470
13470
13470
13470
484920
646560
808200
323280
646560
10829880
Барлығы:
13901040
20
"Талдықорған
қалалық
қорғаныс
істері
жөніндегі
бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі
Әскер қатарына
шақырылып келмеген
азаматтарды
ескерту. Әскер
қатарына
шақырылғандарға
шақыру қағазын
тарату.
Әскерге
шақырылғандардың
жеке іс-қағаздарын
өңдеуге көмектесу.
(көшірмесін
түсіру, жазып
шығару).
720 дана
1500 дана
7 сағат
13470
1939680
Барлығы:
1939680
21
"Чернобыль"
қоғамдық
бірлестігі
"Чернобыль" апатын
жою жұмыстарына
қатысушылардың
құжаттарының
көшірмесін
түсіруге, басып
шығаруға көмек
көрсету, емдеу
мекемелеріне
апару.
120 рет
700 бет
6 сағат
13470
646560
Барлығы:
646560
Барлығы:
55765800
"Талдықорған қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Ш. Мұхаметжан