Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную службу на территории района в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
- Атауы (қаз.)
- Аудан аумағында 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 189
- Қабылданған күні
- 05.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 22.06.2012 45700_201693.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SK000149
- ЭКБ идентификаторы
- 45700
- Редакция идентификаторы
- 45700_201693
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:08
0 Аудан аумағында 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының азаматтарын жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқар және өзін-өзі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19, 20, 44-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.
2 2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы бекітілсін.
3 3. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Рафальский А.П.) (келісім бойынша):
шақыру комиссиясына жіберілген шақырушыларды медициналық тексеру үшін аудандық аурухананың терапевт және хирургия бөліміндерінде қажетті орындар санын қарастыру ұсынылсын;
аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны қажетті медициналық мүлікпен және керек-жарақтармен қамтамасыз етсін;
аудандық шақыру пунктіндегі медициналық комиссияны тәжірибелі дәрігер-мамандармен және орта медициналық персоналмен жасақтасын;
айнаға түсіру кабинетінің, анализ алу лабораториясының
тоқтаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
4 4. Тайынша қаласы мен селолық округтардың әкімдері:
шақырушылардың жиналуын қамтамасыз етсін және оларды шақыру учаскесіне жіберуді ұйымдастырсын;
шығарып салуды, учаскеге келу жолындағы тәртіпті және ұйымдастырылушылықты, шақыру комиссиясынан уақытында өтуді және жедел әскери қызметке жіберуді қамтамасыз етсін;
облыстық бақылау комиссиясына бару үшін шақырушылардың
көрсетілген санын сағат 7.00 де қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуді қамтамасыз етсін.
5
5. Тайынша қаласының әкімі (Трифонов Н.Н.) хабардар етуді ұйымдастыру және шақырылушылардың жеке істерін ресімдеу, медициналық комиссиядан және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне шақырылудан жалтарған шақырылушыларды іздеу үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің қарамағына орташа еңбек ақыларын сақтай отырып, қажетті жұмысшылар санын, қызметкер бөлсін.
6 6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Байқадамов Х.Ф.) (келісім бойынша) қоғамдық тәртіпті сақтауды және шақырылушыларды шақыру комиссиясына шығарып салуды және комиссия жұмысы кезінде учаскелік инспекторлармен қамтамасыз ету ұсынылсын.
7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Жаровқа жүктелсін.
8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
9 Аудан әкімдігінің 2009 жылғы
5 мамырдағы № 189 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Мұсақұлов комиссия төрағасы, Тайынша ауданы
Ермұхаммед Оразбекұлы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
Жаров аудан әкімінің орынбасары,
Ерлан Қайырұлы комиссияның төрағасының орынбасары
Коноплева комиссия хатшысы, орталық аудандық
Лариса Викторовна аурухананың медбикесі
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Төлегенов аудандық ішкі істер бөлімі
Бейбіт Хамитұлы бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Сүйіндікова Тайынша аудандық аурухананың
Түлен Көшкенқызы дәрігер-терапевті (келісім бойынша)