2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 645
- Қабылданған күні
- 07.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2010 · қолданыстағы AI45822_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VK000092
- ЭКБ идентификаторы
- 45822
- Редакция идентификаторы
- AI45822_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:27
0 2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, Зайсан аудандық мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 10-1 «Зайсан ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда 5-11-87 нөмірімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2009 жылғы 17 қаңтардағы № 3 санында жарияланған) шешіміне сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса берілген 2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Биқадамовқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4 2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету жөніндегі Нұсқаулық
2009 жылғы 07 сәуірдегі
Зайсан ауданының әкімдігінің
№ 645 қаулысына қосымша
2009 жылға дербес зейнеткерлерге коммуналдық
қызметтер бойынша шығындар өтемақысына
материалдық көмек көрсету жөніндегі
Нұсқаулық
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Нұсқаулық 2009 жылы дербес зейнеткерлерге коммуналдық қызметтер бойынша шығындар өтемақысына материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша (бұдан әрі – материалдық көмек) халықты әлеуметтік қорғау саласында заңнаманы қолдануды нақтылайды, дербес зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында әзірленді және оны беру шартын регламенттейді.
2 2. Материалдық көмек Қазақстан Республикасы және облыс алдында еңбегі сіңген дербес зейнеткерлерге беріледі.
2 2. Материалдық көмекті тағайындау
3 3. Материалдық көмек «Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) арқылы ағымдағы жылдың бюджетінде қаралған қаржы мөлшерінде төленеді және өтініш иесі төмендегі құжаттарды ұсынғанда тағайындалады:
1 1) материалдық көмек көрсету туралы өтініш;
2 2) жеке басын растайтын құжат;
3 3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
4 4) тіркелімін растайтын құжат;
5 5) дербес зейнеткердің мәртебесін растайтын құжат.
Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, одан кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.
4 4. Материалдық көмек өтінішті сипатқа ие және қажетті құжаттармен өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
5 5. Бөлім әр айдың 15-іне дейін мемлекеттік зейнетақы төлеу бойынша орталығының Зайсан аудандық бөлімшесінен дербес зейнеткерлердің тізімін (қағаз және электронды тасымалдаушы түрінде) салыстыру үшін сұрайды.
3 3. Материалдық көмек төлеу
6 6. Бөлім ай сайын ағымдағы айдың 30-ына дейін материалдық көмекті төлеуді жүргізеді.
7 7. Материалдық көмек 451. 007. 000 «Жергілікті өкілетті органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек» бюджеттік бағдарламасы бойынша облыстық бюджет трансферттері есебінен жүргізіледі.
8 8. Материалдық көмекті өтініш иесі көрсеткен мекенжайға жеткізу «Казпочта» акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады.
Аудандық жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
Б. Қинашев