Құжат мәтініне өту

Об организации призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года

Қаулы · № 98 · қабылданған 05.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45846/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 98 ·05.05.2009
07.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 98 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва на срочную воинскую службу граждан на территории района в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
98
Қабылданған күні
05.05.2009
Көрсетілген редакция
07.10.2011 45846_201683.kaz
Соңғы өзгеріс
07.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SN000075
ЭКБ идентификаторы
45846
Редакция идентификаторы
45846_201683
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:08

0 2009 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында аудан аумағындағы азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, “Әскери міндет және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 19-бабы 3 тармағына, 20-бабы 1-тармағына, “Әскери қызметінің белгіленген мерзімін атқарған жедел әскери қызметінің әскери қызметкерлерін запасқа босату туралы және 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының азаматтарының жедел әскери қызметке кезекті шақырылуы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шал ақын ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім арқылы он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, кейінге қалдырылған немесе әскерден босатылуға құқықтары жоқ ер азаматтарды, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімде әскери қызметті атқармаған, сонымен қатар оқу мекемелерінен шығарылған азаматтарды, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің ішкі әскери қатарға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Республикалық Ұланға, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігіне аудан аумағында жедел әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2 2. Әскерге шақыруды өткізу үшін қосымшаға сәйкес құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.

3 3. Орталық аудандық аурухана (келісім бойынша):

1 1) әскерге шақырылушылардың және талапкерлердің, әскери оқу орындарына түсетіндерді медициналық куәландыру үшін мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі бар және орта медициналық персонал құрамынан қажетті маман-дәрігерлер бөлсін;

2 2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмек және құрал-сайманмен қамтамасыз етсін;

3 3) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың қосымша медициналық зерттеуін қамтамасыз етсін, ол үшін қажетті санды керует -орнын бөлсін.

4 4. Ауданның қаржы бөлімі әскерге шақыруды өткізу үшін аудандық қорғаныс істері бойынша біріккен бөліміне бөлінген қаржы бөлу шегінде уақытында ақша қаражатының бөлінуін қамтамасыз етсін.

5 5. «2009 жылы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыру туралы» аудан әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі № 75 қаулысының күші жойылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Кузичева Елена Петровнаға жүктелсiн.

7 7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.

11 Аудан әкімдігінің

2009 жылғы 5 мамыр № 98
қаулысына қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Мұратбеков                  - комиссияның төрағасы,
Рамазан Рашидович           Шал ақын ауданының Қорғаныс
істері бойынша біріккен бөлімінің
бастығы (келісім бойынша)
Кузичева                    - комиссия төрағасының орынбасары,
Елена Петровна              аудан әкiмiнiң орынбасары
Комиссия мүшесі
Ескендіров                   - Шал ақын ауданының ішкі істер
Мұрат Қадырұлы               бөлімі бастығының орынбасары (келісім
бойынша)
Әбдімәлік                     - медициналық комиссияның төрағасы,
Бауыржан Әбдімәлікұлы         орталық аудандық аурухананың бас
дәрігері (келісім бойынша)
Шекенова                    - комиссия хатшысы (келісім бойынша)
Балдырған Шәпешқызы

Қолданыстағы