Об организации общественных работ в Тимирязевском районе в 2009 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в Тимирязевском районе в 2009 году
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы Тимирязев ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 73
- Қабылданған күні
- 13.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 14.10.2011 45847_201758.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.10.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SL000090
- ЭКБ идентификаторы
- 45847
- Редакция идентификаторы
- 45847_201758
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:24
0 2009 жылы Тимирязев ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына 1 тармағына 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы Заңының 20 бабына 5 тармағына 2) тармақшасы, 7 бабына 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері (тізбе- одан әрі мәтін бойынша) бойынша ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері, және еңбекақы мөлшері бекітілсін.
2 2. Қоғамдық жұмыстарды өткізуде аудан бюджетінде қаралған қаражаттың шегінде «Тимирязев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген тізбеге сәйкес қоғамдық жұмыстарға жұмыссыз азаматтарды жіберуі жүзеге асырылсын.
3 3. Тізбеге енгізілген ұйымдарға көлемдері және түрлері бойынша бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға тарту қамтамасыз етілсін.
4 4. Бюджеттік бағдарлама 451-002-100 «Жұмыспен қамту бағдарламасы. Қоғамдық жұмыс» бойынша «Тимирязев ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздардың еңбекақысына бөлінген қаражаттан уақытылы төлеуін қамтамасыз етілсін.
5 5. Осы қаулының орындалу бақылауын аудан әкімінің орынбасары И.В.Циммерманға жүктелсін.
6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
7 Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 13 сәуірдегі № 73
қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері бойынша еңбекақы мөлшері және көлемі, түрі, ұйымдардың тізбесі
Ұйымдардың атауы
Жұмыс орны
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Разряды
Коэффициенті
«Тимирязев ауданы селолық округ әкімдерінің аппараттары» мемлекеттік мекемелер
247
адам
1. Ағымдағы жолдарды жөндеу (ойлармен шұңқырларды жабу, кірме жолдарды жөндеу, жол жиектерін қоқымнан тазалау, орман алқабы және тағы басқалар).
2. Суландыру жұмыстарын, сонымен қатар көктемгі-күзгі су тасқынына байланысты жұмыстар жүргізу.
3. Құрылыста, тұрғын үйлерді қайта жаңарту және күрделі жөндеуде қатысу. Мәдениет және әлеуметтік саладағы объектілерде құрылыс жұмыстарын орындау және жөндеу, қысқа дайындық кезінде көмек көрсету (аурухана, акушер-фельдшер пунктері) және коммуналдық меншіктегі білім, селолық округ әкімдерінің аппараттарының және басқа бюджеттік ұйымдардың жалға алынған үйлері, осы мақсатта жергілікті бюджеттен қаржы бөлінбесе немесе қажетті күйде объектілерді қолдауға жеткіліксіз болған жағдайда.
4. Елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және көркейту (оның ішінде аумақтарда қоқымдарды жинау, жусандарды кесу, қардан тазарту, ағаш отырғызу, гүл отырғызатын алаңдарды бөлу), орман бағы шаруашылығын дамыту және сақтау, кезбе мал-хайуандарды ұстау және басқалар).
5. Спорттық шаралар дайындығына қатысу, оның ішінде құрылыста қосалқы жұмыстарды орындау және мұзды қалашықты және спорттық құрылысты жөндеу.
6. Республикалық және аймақтық қоғамдық кампанияларды жүргізуге қатысу (көпшілік пікірлерін сұрау, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша статистикалық зерттеу, халық санағы).
7. Аз қамтылған тұрғындарға, жалғыз тұратын қарттарға және жаңа келген оралмандарға отын-көмір түсіруге және әкелуге көмектесу, отын дайындау, сонымен қатар коммуналдық меншіктегі кәсіпорындарға және аудандағы мәдени-әлеуметтік саладағы объектілерге.
8. Шаруашылық кітабын құрастыруға және үй шаруашылығының санағына көмектесу.
9. Маңызды әлеуметтік мәдени саладағы объектілерді, сонымен қатар коммуналдық меншіктегі бос үйлерді, ғимараттарды қорғау.
10. Селолық елді мекендерде қоғамдық тәртіп сақтау үшін құқық қорғау органдарына жәрдемдесуге отрядтарға қатысу.
11. Қоқыс тастайтын жерлерді зираттарды жинау, соның ішінде қалдықтарды жинауды ұйымдастыру.
12. Оралмандарды қабылдау және орналастыру бойынша тапсырманы орындау.
13. Мемлекеттік тілде іс жүргізуге көмек көрсету.
14. Құжаттамаларды сақтауға даярлық және өңдеу жұмыстарына көмек көрсету.
III-IV
III-IV
III-IV
III
III-IV
G-14
I
G-14
I-II
G-14
III
G-14
G-13
G-14
1,59-1,70
1,59-1,70
1,59-1,70
1,59
1,59-1,70
1,43
1,39
1,43
1,39-1,49
1,43
1,59
1,43
1,68
1.43
Мемлекеттік мекеме «Тимирязев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
1
1
1
Мемлекеттік тілде іс жүргізуге көмек көрсету.
Құжаттамаларды сақтауға даярлық және өңдеу жұмыстарына көмек көрсету.
18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау кезінде қажетті құжаттарды жинауға және жұмыспен қамту сұрақтары бойынша көмек көрсету.
G-13
G-14
G-13
1,68
1,43
1,68
Қорытынды:
250
Ескерту:
1
1. «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 2,3 қосымшасына сәйкес жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға қатысуына еңбекақы төлеу.