Құжат мәтініне өту

2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы

Қаулы · № 55 · қабылданған 07.05.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-45892/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 55 ·07.05.2009
10.06.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 55 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
55
Қабылданған күні
07.05.2009
Көрсетілген редакция
10.06.2009 · қолданыстағы 45892_204101.kaz
Соңғы өзгеріс
10.06.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09BO000126
ЭКБ идентификаторы
45892
Редакция идентификаторы
45892_204101
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:07

0 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағы, 8 тармақшасына және 2005 жылдың 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабына, 20 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2009 жылдың 1 сәуіріндегі № 779 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс істер министірінің «Мерзімді әскери қызметкерлерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2009 жылдың 2 сәуіріндегі № 128 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мерзімді әскери қызметін өткерген мерзімді әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті әскерге 2009 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында шақыру туралы» 2009 жылдың 1 сәуіріндегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес,Қорғалжын ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандық «қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» Әшімов Т.О келісім бойынша) мемлекеттік мекемесі.

1 1) 2009 жылғы сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы аймағында он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастырсын.

2 2) Әскери шақырылу пункті келесі мекен-жайда белгіленсін: Қорғалжын ауылы, Қ.Күмісбеков көшесі 30 үй аудандық «қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

2 2. Аудандық емхана мемлекеттік қазыналық-коммуналдық кәсіпорны (Үсенов А.О. келісім бойынша)

1 1) Әскерге шақырылу кезінде керекті дәрігерлер мен медбикелер және басқа қызметкерлер, автокөлікпен қамтамасыз етілсін.

3 3. Аудандық аурухананың бас дәрігері А.Құдайқұлов.(келісім бойынша)

1 1) Әскерге шақырушылардың тұрақты ем алуына 8 керует орын қамтамасыз етілсін.

2 2) Омыртқа жотасы мен аяқ өкшесінің рентгендік зерттеуі қамтамасыз етілсін.

4 4. 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізуді ұйымдастыру үшін аудандық комиссия құрылсын. (қосымша №1)

5 5. Аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі (Әбішев А.Қ. келісім бойынша) Әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кету кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.

6 6. Ауылдық әкімдер: Әскерге шақырылушыларды берілген кесте бойынша, аудандық комиссияға дер кезінде келуін қамтамасыз етсін. (қосымша №2)

7 7. Қорғалжын ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесі (Ахатова Б.А.) Қорғалжын аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша әскерге шақырылушыларды тасымалдау үшін автокөлікпен (автобус) қамтамасыз етсін.

8 8. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.

9 9. Қаулы Қорғалжын Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

10 10. Қорғалжын ауданы әқімдігінің осы қаулысының күші 2009 жылдың 3 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды және реттейді.

16 АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

Қорғалжын аудан әкімдігінің
07 мамыр 2009 ж № 55
Қаулысына 1 қосымша
АУДАНДЫҚ ШАҚЫРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Әшімов Талғат Оралбекұлы Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Кәрімова Қалима Мұсылманбекқызы Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Найманбаев Егінбай Қазенұлы АIIБ – бастығының орынбасары комиссия мүшесі (келісім бойынша)
Шахманова Роза Жәкуқызы Аудандық орталық аурухананың дәрігері медициналық комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Мұқатаева Биғайша Абсағитқызы Аудандық емхананың медбикесі, медициналық комиссиясының хатшысы (келісім бойынша)

17 Келісім парағы

Аудан әкімінің
7 мамырдағы 2009 жылғы
№ 55 қаулысына 2 қосымша
Келісім парағы
Келісілді:
Аудандық Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы: Т.Әшімов
Аудан ІІБ бастығы: А.Әбішев
Аудандық поликлиниканың
бас дәрігері: А.Үсенов
Аудандық аурухананың
бас дәрігері: А.Құдайқұлов

Қолданыстағы