Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-5/205
- Қабылданған күні
- 29.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2010 45953_172067.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09B0003321
- ЭКБ идентификаторы
- 45953
- Редакция идентификаторы
- 45953_172067
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:10
0 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 cәуірдегі № 779 Жарлығына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 cәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар, 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жергілікті әскери органдар арқылы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері шақыру комиссияларын құрып, олардың қызметін қамтамасыз етсін, сондай-ақ медициналық техникалық және басқа қызметкерлерді тартсын.
3 3. Көкшетау мен Степногорск қалаларының және аудандардың шақыру комиссияларының жұмыстарына бақылау жасау және басшылық ету үшін облыстық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын, шақыруды жүргізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4
4. "Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыруды өткізу басталғанға дейін қалалық, аудандық және облыстық медициналық комиссияларды жоғары білікті дәрігер мамандармен, орташа медициналық қызметкерлермен жабдықтасын, әскерге шақырылатын азаматтарды кезектен тыс медициналық бақылаудан және стационарлық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемелерінен қажетті төсек орын санын бөлсін.
5
5. "Ақмола облысы ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) тиісті жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесе отырып, әскерге шақыру пункттерінде, жөнелту станцияларында, облыстық жинақтау пунктінде, әскери бөлімдерге шақырушылардың жөнелтілуі мен кетуі, сондай-ақ тұлғаларды іздестіру және жеткізу бойынша тәртіпті қамтамасыз етуді, әскери қызметке шақырылудан бас тартуы бойынша іс-қимылдар жүргізуді ұйымдастырсын.
6 6. "Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) облыстық жиналу пунктіне жинау бойынша жұмыстарын бақылауды және жастар командаларын жинау, қалыптастыру мен әскери бөлімдерге жөнелтуді ұйымдастырсын.
7 7. "Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі материалдық- техникалық іс – шараларды қамтамасыз етуді жүргізсін.
8 8. "Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) 2009 жылғы сәуір-маусым және 2009 жылғы қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру нәтижелері туралы ақпаратты тапсырсын.
9
9. "2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № А-3/108 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3244 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 cәуірде "Арқа ажары" және 2008 жылғы 17 сәуірде "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
11 11. Ақмола облысы әкімдігінің осы қаулысының күші 2009 жылдың 17 сәуірінен бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға тарайды.
12 12. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Ақмола облысы Ішкі
істер департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы Т.С. Маткенов
"Ақмола облысы
Қорғаныс істері
жөніндегі департаменті"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы А.Н. Старцев
13 Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Ақмола облысы әкімдігінің
2009 жылғы 29.04.
№ А-5/205 қаулысына
1-қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Филимонов Константин Викторович - "Ақмола облысының қорғаныс істері
жөніндегі департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығының міндетін атқарушы,
шақыру комиссиясының төрағасы;
Пономарев Александр Григорьевич - "Ақмола облысының жұмылдыру, дайындығы
азаматтық қорғаныс, табиғи апаттардың
алдын алу мен жоюды ұйымдастыру
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
аймақтық қорғаныс бөлімінің бастығы,
шақыру комиссиясы төрағасының
орынбасары;
Комиссия мүшелері
Нұрахметов
Сағатбек Төлеубайұлы
- "Қазақстан Республикасы ішкі
істер Министрлігі Ақмола облысының
ішкі істер Департаменті" мемлекеттік
мекемесі бастығының орынбасары;
Құттыбай
Ерғали Өмірзақұлы - "Ақмола облысының денсаулық сақтау
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
жұмылдыру және мемлекеттік құпияларды
сақтау бөлімінің бастығы;
Белогуб
Николай Николаевич - "Ақмола облысының Қорғаныс істер
жөніндегі департаменті" мемлекеттік
мекемесінің келісім-шарт бойынша әскери
қызметшілерді жинау және шақыру
басқармасының бастығы;
Мартазанов
Макшарип Баматгиреевич - Ақмола облысының денсаулық сақтау
басқармасы жанындағы "Ақмола облыстық
ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының аға дәрігері
- медициналық комиссияның төрағасы;
Субач
Лейла Леонидовна - Ақмола облысының денсаулық сақтау
басқармасы жанындағы "Ақмола облыстық
ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының медициналық
бикесі
- комиссияның хатшысы
14 Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды жүргізу кестесі
Ақмола облысы әкімдігінің
2009 жылғы 29.04.
№ А-5/205 қаулысына
2-қосымша
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды
жүргізу кестесі
р/с№
Қорғаныс
істері
жөніндегі
басқармалар
мен бөлімдер
Комиссияның жұмыс күндері, уақыты – 8.30-дан
18.00-ға дейін
сәуір
мамыр
маусым
қазан
қараша
желтоқсан
1
Ақкөл
22
5,20
2,17
1,15
3,19
1,18
2
Аршалы
27
6,19
5,24
2,23
6,25
4,23
3
Астрахан
29
4,22
8,26
9,29
11,27
3,21
4
Атбасар
30
15,27
12,19
2,16
4,20
11,25
5
Бұланды
20
7,26
4,19
7,22
6,27
8,18
6
Еңбекшілдер
-
12,28
9,30
9,28
10,30
2,18
7
Ерейментау
-
5,27
3,22
6,19
5,20
4,22
8
Есіл
-
12,29
2,18
1,16
12,26
9,25
9
Жақсы
-
13,28
10,26
9,27
4,25
10,28
10
Жарқайың
-
4,21
11,29
9,23
3,23
1,22
11
Зеренді
-
7,26
4,30
2,30
11,26
8,29
12
Көкшетау
17
12,27
5,19
2,27
9,20
9,23
13
Қорғалжын
28
14,29
9,26
8,23
6,19
2,24
14
Сандықтау
-
13,28
5,25
6,19
10,24
4,25
15
Степногорск
-
6,22
10,23
5,29
5,18
11,24
16
Целиноград
24
15,29
12,24
9,28
12,24
10,22
17
Шортанды
23
14,22
11,23
8,27
3,18
3,17
18
Щучье
20
16,25
3,25
7,22
5,17
4,18