Об определении оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур по Аккайынскому району при проведении весенне-полевых работ в 2009 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков сева приоритетных сельскохозяйственных культур по Аккайынскому району при проведении весенне-полевых работ в 2009 году
- Атауы (қаз.)
- Аққайын ауданы бойынша 2009 жылы көктемгі - далалық жұмыстарды жүргізу барысында басымдықты ауыл шаруашылық дақылдарды себудің тиімді мерзімін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 106
- Қабылданған күні
- 18.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.04.2010 45964_195766.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.04.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SB000099
- ЭКБ идентификаторы
- 45964
- Редакция идентификаторы
- 45964_195766
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:04
0 Аққайын ауданы бойынша 2009 жылы көктемгі - далалық жұмыстарды жүргізу барысында басымдықты ауыл шаруашылық дақылдарды себудің тиімді мерзімін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабының 2-тармағына, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілірге 2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген Ереженің 12 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығының ұсынысы негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылғы көктемгі-далалық жұмыстарды жүргізу барысында Аққайың ауданының топырақты егіншілік-далалық, жазықтық, орманды дала аймағында субсидияланатын дақыл түрлері бойынша басымдықты ауыл шаруашылық дақылдарды себудің тиімді мерзімі анықталсын:
мамырдың 15-нен мамырдың 20-на дейін - рапс;
мамырдың 15-нен мамырдың 30-не дейін - жаздық бидай;
мамырдың 20-нан мамырдың 25–не дейін - қарақұмық;
мамырдың 25-мамырдың 30-на дейін - асбұршақ;
мамырдың 25-нен мамырдың 30-на дейін - арпа, орташа кеш сортты;
мамырдың 25-нен маусымның 30-на дейін - сұлы, орташа кеш сортты;
мамырдың 27-нен мамырдың 30-на дейін - сұлы, орташа пісетін;
мамырдың 28-нен маусымның 5-не дейін - тары;
мамырдың 30-нан маусымның 5-не дейі - арпа, орташа пісетін сортты.