Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения на 2009 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных граждан из целевых групп населения на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/02
- Қабылданған күні
- 08.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2011 46091_179601.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KB000085
- ЭКБ идентификаторы
- 46091
- Редакция идентификаторы
- 46091_179601
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:26
0 2009 жылға халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын кенейту мақсатында Жезқазған қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың тізбесі бекітілсін.
2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан қала ұйымдарына "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесімен тиісті шартқа отыру ұсынылсын, сонымен қатар еңбек шарттарына сәйкес алты ай мерзімге дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдау жүзеге асырылсын.
3
3. "Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі (Б.М. Мырзаханов) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде ұйымдар берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын. Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі жалақысы көлемінен аспайтын сомада әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың елу процент еңбек ақысын қабылдаған ұйымдарға өтесін. Қаражат ұйымдардың есеп-шотына жіберіледі.
4
4. "Жезқазған қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Байқасынов А.А.) 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасының 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" ішкі бағдарламасы бойынша қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2009 жылғы 8 сәуірдегі N 10/02
Жезқазған қаласы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Халықтың нысаналы топтардағы жұмыссыз азаматтарын жұмысқа
орналастыру үшін әлеуметтiк жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдардың
тізбесі
NN
Ұйымдардың атауы
Жұмыс орындарының саны
1
"Мақсат" қоғамдық бірлестігі
(келісім бойынша)
5
2
Жеке кәсiпкер Даулетбаева Ф.
(келісім бойынша)
5
3
"Қалалық автокөлік жолдары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
(келісім бойынша)
10
БАРЛЫҒЫ:
20