2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-672
- Қабылданған күні
- 22.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2009 · қолданыстағы 46141_203790.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09DJ000093
- ЭКБ идентификаторы
- 46141
- Редакция идентификаторы
- 46141_203790
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:20
0 2009 жылы Іле ауданы бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)-шi тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-4) тармақшасын, 18-1 бабын iске асыру мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушiлердi iрiктеу Тәртiбi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Жұмыс берушiлер мен әлеуметтiк жұмыс орындарын құру туралы келiсiм-шарттарды жасау "Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" Мемлекеметтiк Мекемесiне уәкiлеттi етiлсiн.
3 3. Iле аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Мемлекеттiк Мекемесi (Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы):
1 1) 2009 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыссыздар есебiнде тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарды әлеуметтiк жұмыс орындарына жiберсiн.
2 2) жұмыс берушiлердiң әлеуметтiк жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысына төлеген шығындарының бөлiгi ай сайын ең төмен еңбек жалақысы мөлшерiнде белгiленiп, жұмыссыздардың есеп шоттарына Қазпошта арқылы аударылсын.
4 4. Аудандық қаржы бөлімі (Дуйшенбаева Лаззат Балиқанқызы) жұмыссыз азаматтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындарының төлем ақысына ақшалай қаржыны мерзімінде бөлуді қамтамасыз етсін.
5
5. Iле ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 19 желтоқсандағы "2008 жылы Iле ауданы бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 13-13414-шi қаулысы 2008 жылы 24 қаңтарда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiмiне N 2-10-68 болып енгiзiлген, 2008 жылы 8 ақпанда "Iле таңы" газетiнiң N 5 санында жарияланған, орындалуына байланысты күшiн жойсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Файль Виктор Александровичке жүктелсiн.
7 7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
10 Iле ауданы әкiмдiгiнiң
2009 жылғы 2009 жылғы
22 сәуірдегі N 4-672
"2009 жылы Iле ауданы
бойынша әлеуметтiк жұмыс
орындарын ұйымдастыру
туралы" қаулысына
қосымша
Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс
берушiлердi iрiктеу
ТӘРТIБI