2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9/5
- Қабылданған күні
- 24.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.03.2010 · қолданыстағы AI46168_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KQ000075
- ЭКБ идентификаторы
- 46168
- Редакция идентификаторы
- AI46168_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:17
0 2009 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мақсатында Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылы нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бақыт Бекенов) нысаналы топтардағы жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру 6 ай мерзімге ұйымдастыру тапсырылып, ай сайын әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мониторингін жүргізу тапсырылсын.
3 3. Ауданның қаржы бөліміне (Ертай Жәнібеков), ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Бақыт Бекенов) әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс атқарған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу мекеме, кәсіпорындармен екі жақты шарт негізінде жүргізілсін.
4 4. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Юржан Асанұлы Бекқожинге жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 2009 жылы нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі
Шет ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 9/5 қаулысына қосымша
2009 жылы нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын мекеме, кәсіпорындардың тізбесі
N р/с
Мекеме, кәсіпорындардың атаулары
Әлеуметтік жұмыс орындарының саны (адам)
Жұмыс түрі
Әлеуметтік жұмыс орындарының мерзімі (ай)
1
2
3
4
5
1.
"Шет аудандық мәдени-сауық орталығы" КМҚК
2
Көркемдік жетекші
6
2.
"Амиров М.А." ЖК
1
Қонақ үйінің администраторы
6
1
аспаз
6
3
автомобиль жүргізуші
6
1
бармен
6
1
жұмысшы
6
1
доңғалақ жөндеуші
6
3.
Ақадыр пошта байланыс торабы
1
күзетші
6
1
жүргізуші
6
4.
"Қызмет-А" МКК Ақадыр кенті
6
құрылысшы
6
2
жұмысшы
6
Барлығы
20
6