Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2009 года

Қаулы · № 152 · қабылданған 28.04.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-46213/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2009 года Күшін жойған Қаулы ·№ 152 ·28.04.2009
16.10.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2009 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 152 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре месяцах 2009 года
Атауы (қаз.)
2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
152
Қабылданған күні
28.04.2009
Көрсетілген редакция
16.10.2012 AI46213_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.10.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09CL000091
ЭКБ идентификаторы
46213
Редакция идентификаторы
AI46213_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:12

0 2009 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18, 19, 20, 21, 23,  44-баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру кезінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты 27 жасқа дейінгі шақыруды кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды 2009 жылғы сәуір - маусым және қазан – желтоқсан айлары кезеңде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.

2 2. Шақыруға арналған аудандық комиссияның құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. «Аудандық орталық аурухана» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының бас дәрігері (Қозбағаров Қ.-келісім бойынша) «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағына:

1 1) 2009 жылғы сәуір - маусым және қазан – желтоқсан айлары кезеңде шақырушыларды медициналық куәлендыру жүргізу үшін маман дәрігерлерді және медбикелерді 2-қосымшаға сәйкес бөлсін;

2 2) 2009 жылғы сәуір - маусым және қазан – желтоқсан айлары кезеңде «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне әскерге шақырушылар жасына толған диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауратын шақырушылардың жеке карталарын (Ф.025у) жеткізсін;

3 3) шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан әскерге шақырушылар туралы мәлімет үш күннің ішінде «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарлансын.

4 4. «Ақтөбе облысының ішкі істер Департаменті Хромтау ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (Тоқабаев С.-келісім бойынша):

1 1) шақыру кезінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;

2 2) әскери міндеттілік атқарудан бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізілсін;

3 3) жеті күндік мерзім ішінде «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар туралы хабарлансын.

5 5. Мемлекеттік орган және меншік түріне қарамастан ұйым басшылары әскерге шақырушыларды іс сапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және шақыру қосынына дер кезінде келуін қамтамасыз етуге тиіс.

6 6. Селолық округтер әкімдері «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша шақырушыларға шақыру қосынына шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

7 7. «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (Әубәкіров Е.) тіркеу комиссиясының жұмысына қажетті мөлшерде техникалық жұмысшыларды бөлуді 3-қосымшаға сәйкес қамтамасыз етсін.

8 8. «Хромтау аудандық экономика және бюджет жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (Нұрманова К.) осы іс шараларды өткізу үшін қарастырылған қаржыны бөлуді жүзеге асырсын.

9 9. «Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеме бастығы (Ілиясов Б.) аудан әкіміне 2009 жылдың 25 маусымында және 2009 жылдың 25 желтоқсанында шақыру қортындылары бойынша ақпарат берсін.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Елдесовке жүктелсін.

11 Аудандық шықыру комиссиясының құрамы

11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі       Б.Қаниев
2009 жылғы 28 сәуірдегі № 152
аудан әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
Аудандық шықыру комиссиясының құрамы
Ілиясов Б.К.             комиссия төрағасы
«Хромтау ауданының Қорғаныс істер
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекеме
бастығы
Кагиров Р.Ф.             комиссия мүшесі
Хромтау аудан әкімі аппаратының
әскери жұмылдыру жұмыстары
азаматтық қорғаныс және төтенше
жағдай жөніндегі бас маманы
Сарсенғалиев Н.С.        комиссия мүшесі
«Ақтөбе облысының ішкі істер
Департаменті Хромтау ауданының
ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығының орынбасары
Қайрашева С.Т.           медициналық комиссияның
төрайымы
Бралина Ш.               комиссия хатшысы
2009 жылғы 28 сәуірдегі № 152
аудан әкімдігінің қаулысына
1-қосымша
Шақыру комиссиясының жұмысына қатысатын маман дәрігерлердің құрамы
Невропатолог             Бегимбаев К.
Отолоринголог            Әліпов С.
Стоматолог               Кенжебаева А.
Хирург                   Жанбурин К.
Терапевт                 Қайрашева С.
Окулист                  Қожамұратова Б.
Рентгенолог              Дускеева З.
Ренген-лаборант          Шалова Г.
Кардиолог                Губайдуллина К.
Дерматовенеролог         Нуримова К.
Лаборант                 Қойлыбаева Г.
Медбике                  Наурызбаева А.
Медбике                  Жолтаева А.
Медбике                  Стебнева С.
Медбике                  Аппакова Г.
Медбике                  Курманова Л.
Медбике                  Умирбаева С.
Медбике                  Наурызбаева А.
Хатшы                    Бралина Ш.
2009 жылғы 28 сәуірдегі № 152
аудан әкімдігінің қаулысына
3-қосымша
Тіркеу комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінен бөлінетін техникалық жұмысшылардың құрамы.
Ке­зе­ңі
Тех­ни­ка­лық қыз­мет­кер­лер са­ны
Қой­ла­тын та­лап­тар
Қай мер­зім­ге бө­лі­не­ді
Көк­тем
2009
7
Ор­та бі­лім­ді, жа­зуы анық әй­ел адам
25.032009 жыл­дан
25.06.2009 ж.дей­ін
1
Жа­сы 25-тен кі­ші емес әс­ке­ри қыз­ме­тін ат­қар­ған ер адам
25.03.2009 жыл­дан
25.06.2009 ж. дей­ін
Күз
2009
8
Ор­та бі­лім­ді, жа­зуы анық әй­ел адам
25.09.2009 жыл­дан
25.12.2009 ж.дей­ін
2
Жа­сы 25-тен кі­ші емес әс­ке­ри қыз­ме­тін ат­қар­ған ер адам
25.09.2009 жыл­дан
25.12.2009 ж.дей­ін

Қолданыстағы