Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в Вооруженные Силы, другие войска и воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне, октябре-декабре 2009 года
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 140
- Қабылданған күні
- 04.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2010 AI46245_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09NQ000077
- ЭКБ идентификаторы
- 46245
- Редакция идентификаторы
- AI46245_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:09
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына, "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 17 сәуiрдегi № 543 қаулысына және "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа әскерлерiне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруын жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 20 сәуiрдегi № 157 қаулысына сәйкес Сарыкөл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1
1. Он сегiз жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi мерзiмдi әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейiнге қалдыруга құқығы жоқ ер азаматтар, сондай-ақ шақыруды кейiнге қалдыру құқығынан айырылған азаматтарды, сонымен қатар жиырма жетiге жасы толмаған оқу орындарынан шығарылған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтi белгiленген мерзiмде өтемеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыруды өткiзу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн.
2 2. Шақыру комиссиясының құрамы және шақыруды өткiзу кестесi 1, 2 қосымшаға келiсе бекiтiлсiн.
3 3. "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының (МКҚП) бас дәрiгеріне (Ж.К. Құсаинов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
1 1) кезектi шақыруды өткiзу үшiн аудандық медициналық комиссияны дәрiгер мамандармен толықтырсын;
2 2) шақырылуға тиiстi шақырылушылардың сапалы қабылдауын, анализдерiнiң қорытындыларын өңдеуiн және беруiн ұйымдастырсын;
3 3) шақырылушылардың тексеруiн және емдеуiн өткiзу үшiн 10 төсек орын бөлсiн, тексеру және емдеу актiлерiн Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне 3 күндiк мерзiмде тапсырсын;
4 4) шақыру пунктiн қажеттi мүлiк, дәрi-дәрмек, құрал-саймандармен қамтамасыз етсiн.
4 4. "Сарыкөл ауданы iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң (ММ) бастығына (С.К. Медетов) (келісім бойынша) шақыруды өткiзу және командаларды жөнелту кезеңiнде ұсынылсын:
1 1) мерзiмдi әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген шақырылушыларды жеткiзуге жәрдем етсiн;
2 2) шақыру комиссиясының жұмыс iстеу кезеңiне және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне жөнелту күндерiнде қоғамдық тәртiптi қалпында сақтау үшiн Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi "ММ" өтiнiмiне келiсе полиция нарядын бөлсiн.
5 5. Ауылдық округтердiң және Сарыкөл кентiнiң әкiмдерi әскерге шақырылушыларды комиссияға келу және жиналу пунктiне жiберу үшiн уақытында және толық хабарландыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
6 6. Ауданның кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер бастықтарына ұсынылсын:
1 1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне жөнелтуге шақыру қағазын алған шақырылушылармен уақытында есеп айырсын;
2 2) қажеттi анықтамалар мен мiнездемелер беруiне кедергi жасамасын;
3 3) мүмкiндiгiнше шақырылушылардың салтанатты шығарып салуын ұйымдастырсын.
7 7. "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң қаржы бөлiмi" ММ (Т.И. Лысяк) аудан бюджетiнде ескерiлген мөлшерде "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" ММ (В.В. Слободюк) өтiнiмi бойынша белгiленген мерзiмде шақырудың қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
8 8. Берiлген қаулының орындалуына бақылау жасау Сарыкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
9 9. Осы қаулы ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін және 2009 жылдың сәуiрiнен туындаған iс-әрекеттерге таратылады.
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы Сарыкөл
ауданының қорғаныс iстерi
жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнiң (ММ) бастығы
____________ В. Слободюк
"Сарыкөл ауданы iшкi
iстер бөлiмi" ММ бастығы
__________ С. Медетов
"Сарыкөл орталық аудандық
ауруханасы" ГКҚП бас дәрiгерi
_____________ Ж. Құсаинов
19 Шақыру комиссиясының құрамы
Әкiмдiктiң
2009 жылғы 4 мамырдағы
№ 140 қаулысымен бекiтiлген
Шақыру комиссиясының құрамы
Солдат малбақұлы Дүтпаев - Сарыкөл ауданы әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Асел Байсұлтанқызы Дандыбаева - шақыру комиссияның хатшысы.
Талғат Қаирбекұлы Өтегенов – "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң (ММ) бастығы, комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша);
Николай Николаевич Сорокопуд – "Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" ММ бастығының орынбасары (келiсiм бойынша);
Евгений Николаевич Ткаченко - дәрiгер-хирург, медициналық комиссияның төрағасы болып.
20 Шақыруды өткiзу кестесi
Әкiмдiктiң
2009 жылғы 4 мамырдағы
№ 140 қаулысымен бекiтiлген
Шақыруды өткiзу кестесi
Р/с
№
Ауылдық
округтiң атауы
Барлығы
адам
Сәуiр
6
7
8
9
10
13
14
1.
Барвин ауылдық округi
17
17
2.
Веселоподол ауылдық
округi
5
5
3.
Златоуст ауылдық
округi
7
7
4.
Краснознамен ауылдық
округi
20
20
5.
Комсомол ауылдық
округi
15
15
6.
Лесной ауылдық
округi
5
5
7.
Ленинград ауылдық
округi
4
4
8.
Маяк ауылдық округi
12
12
9.
Севастополь ауылдық
округi
9
9
10.
Сорочин ауылдық
округi
18
18
11.
Тағыл ауылдық округi
8
8
12.
Тимирязев ауылдық
округi
7
7
13.
Чехов ауылдық округi
7
7
14.
Сарыкөл кентi
111
13
6
8
5
23
48
8
15.
"Сарыкөл агробизнес
және құқық колледжі"
мемлекеттiк
коммуналдық қазыналық
кәсiпорны
30
30
БАРЛЫҒЫ:
275
46
35
46
39
23
48
38