Об определении оптимальных сроков проведения весенне-полевых работ по видам субсидированных приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова на 2009 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков проведения весенне-полевых работ по видам субсидированных приоритетных сельскохозяйственных культур по району имени Габита Мусрепова на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 136
- Қабылданған күні
- 27.05.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.04.2013 46285_199207.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.04.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SE000095
- ЭКБ идентификаторы
- 46285
- Редакция идентификаторы
- 46285_199207
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:01
0 2009 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша
көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 31-бабы 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 533 Заңы 5-бабы 3-тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 87 қаулысымен бекітілген ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне көктемгі-егістік және орақ жұмыстарын өткізуге қажетті, жанар-жағармайдың және басқадай тауарлы-затты құндылықтардың бағасын арзандатуға және өсімдік шаруашылығының өнімдерінің сапасы мен өнімділігін жоғарылату үшін төленетін субсидиялар Ережесінің 12-тармағына сәйкес, 2009 жылы Солтүстік Қазақстан облысының топырақты-егіншілік аудандары бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері жөніндегі «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылық тәжірибелік станция» ЖШС көп жылғы ғылыми зерттеулер негізінде әзірленген ұсынымдары негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылға арналған Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы бойынша қаржыландырылатын басымды ауыл шаруашылық дақылдар түрлері бойынша көктемгі-егістік жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімдері келесі тәртіпте анықталсын:
жаздық бидай - 15-30 мамыр, дәнді дақылдар бойынша алдыңғы егіс 5 маусымға дейін;
арпа - орташакеш сорты 25-30 мамыр;
арпа - орташажетілген сорты 30 мамыр–5 маусым;
сұлы – орташакеш сорты 25-30 мамыр;
сұлы – орташажетілген сорты 27 мамыр–5 маусым;
бұршақ - 25-30 мамыр;
қарақұмық - 20-25 мамыр;
рапс - 10-20 мамыр;
зығыр – 15-22 мамыр;
күнбағыс – 12-18 мамыр;
қыша – 12-18 мамыр;
картоп – 12-18 мамыр.