Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2009 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения Зыряновского района на 2009 год
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылға арналған Зырян ауданының мақсатты тобын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 307
- Қабылданған күні
- 14.04.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2009 AI46287_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VL000082
- ЭКБ идентификаторы
- 46287
- Редакция идентификаторы
- AI46287_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 11:24
0 2009 жылға арналған Зырян ауданының мақсатты тобын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабының, 7 бабының 2 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысымен бекітілген заңға қарасты құқықтық нормативтік актілер жобасын ресімдеу және келісу Ережесіне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2009 жылға арналған Зырян ауданының келесі мақсатты тобын анықталсын:
1 1) аз қамтылғандар;
2 2) жиырма төрт жасқа дейінгі жастар;
3 3) жиырма төрт жасқа дейінгі балалар үйінің тәрбиеленушілері, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар мен балалар;
4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты көп балалы ата-аналар;
5 5) Қазақстан Республикасының белгіленген заңнама тәртібінде үнемі көмек және қадағалауды қажет ететін азаматтар;
6 6) 50 жастан асқан тұлғалар;
7 7) мүгедектер;
8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босатылған тұлғалар;
9 9) бас бостандығынан айырылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған тұлғалар;
10 10) оралмандар;
11 11) ағымдағы жылы бітірген, жиырма сегіз жасқа дейінгі оқу мекемелерінің түлектері;
12 12) ВИЧ-инфицированды, есірткіге құмар азаматтар;
13 13) өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер;
14 14) еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар;
15 15) жазғы каникул уақытындағы студенттер;
16 16) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.
2 2. «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.З. Оспанова)
1 1) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту жөніндегі шараларды қабылдасын;
2 2) тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруға ықпал көрсетсін.
3
3. 2009 жылғы 17 ақпандағы № 5-12-76 Зырян ауданының Әділет басқармасында тіркелген, «Зырян ауданы бойынша 2009 жылға арналған тұрғындардың мақсатты тобына жататын тұлғалар үшін әлеуметтік жұмыс орнын құру және төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 181 қаулысының 1 тармағының 4 тармақшасы күші жойылды деп есептелсін.