Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қаулы · № 224 · қабылданған 08.05.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2009-ekb-46441/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста 08.05.2009 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қолданыста Қаулы № 224 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
224
Қабылданған күні
08.05.2009
Қолданысқа енгізілген күні
22.07.2009
Көрсетілген редакция
08.05.2009 · қолданыстағы AI46441_0.kaz
Соңғы өзгеріс
08.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09GH000081
ЭКБ идентификаторы
46441
Редакция идентификаторы
AI46441_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 11:06
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 20 баптарының негізінде және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4, 8 баптарына сәйкес, жастарға арналған қоғамдық жұмыстарды дамыту, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2009 жылы жастарға арналған қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.

2. Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3. Қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, сұраныс пен ұсыныс 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 8 мамырдағы № 224

қаулысына 1-қосымша

Қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын ұйымдардың тізбесі

1. «Т. Рысқұлов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

2. «Құлан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

3. «Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

4. «Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

5. «Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

6. «Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

7. «Көкдөнен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

8. «Көгершін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

9. «Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

10. «Новосел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. «Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

12. «Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

13. «Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

14. «Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

15. «Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

16. «Қорағаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

17. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

18. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

19. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

20. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

21. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі” мемлекеттік мекемесі.

22. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

23. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

24. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

25. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

26. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

27. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

28. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, сұраныс пен ұсыныс

Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің

2009 жылғы 8 мамырдағы

№ 224 қаулысына 2-қосымша

Қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi мен нақты жағдайлары, қатысушылардың еңбегiне төленетiн ақының мөлшерi және оларды қаржыландыру көздерi, сұраныс пен ұсыныс

Қоғамдық
жұмыстардың
түрлерi
Көлемi мен нақты
жағдайлары
Қатысушылардың
еңбегiне
төленетiн
ақының мөлшерi
және оларды
қаржыландыру
көздерi
Сұра-
ныс
Ұсы-
ныс
1.
Аудан
аумағында
мемлекеттік
«Жастар
саясатын»
жүзеге
асыруға
жәрдемдесу
Жұмысты толық емес жұмыс
күнi жағдайында және
икемдi график бойынша
жастарды қолдауға
бағытталған әлеуметтiк,
мәдени-көпшілік
іс-шараларды
ұйымдастыруға қатысу.
15 000 теңге
жергілікті
бюджет
28
28
2.
Мекеме
ұйымдардағы
қоғамдық
іс-шаралар-
ға қатысу
Жұмысты толық емес жұмыс
күнi жағдайында және
икемдi график бойынша
тұрғындарға құжат
нысандарын толтыруға
жәрдемдесу, хабарлама-
лар, шақыру қағаздарын
тарату, сауалнамалар
жүргізу. жұмысты толық
емес жұмыс күнi
жағдайында және
икемдi график бойынша
15 000 теңге
жергілікті
бюджет
28
28
Барлығы
56
56