Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2009 года
- Атауы (қаз.)
- 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- а-5/202
- Қабылданған күні
- 05.06.2009
- Көрсетілген редакция
- 05.01.2010 46482_202946.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.01.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09BM000091
- ЭКБ идентификаторы
- 46482
- Редакция идентификаторы
- 46482_202946
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:58
0 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына «Казақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-ші шілдедегі Заңына «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 cәуірдегі № 779 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ақмола облысы Жақсы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. 1 қосымшаға сәйкес, әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын.
3 3. 2 қосымшаға сәйкес, азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткiзу кестесі бекітілсін.
4 4. Ауыл және ауылдық округтердің әкімдері, ұйымдардың басшылары әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды «Ақмола облысы Жақсы ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне шақыру туралы хабарласын және олардың уақытында келуін қамтамасыз етілсін.
5
5. Ақмола облысы денсаулық сақтау Басқармасының жанындағы «Жақсы аудандық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды әскери қызметке шақыруда және тіркеу кезінде оларды дәрігерлік куәландырудан өткізуді, сондай-ақ қажетті медициналық қызметкерлермен, құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етсін.
6
6. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрлігі Ішкі істер Департаментінің Жақсы ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша): әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi және кетуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсін.7. Ұйым басшылары әскерге шақырылушыларды іссапардан (демалыстарынан) шақыртсын, оларға хабарлауды және шақыру учаскелеріне уақытында келуді ұйымдастырсын.
8 8. Осы қаулы 2009 жылдың 17 сәуірінен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Д. Бралинаға жүктелсін.
10 10. Осы қаулы Жақсы аудандық әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Ақмола облысы денсаулық сақтау
Басқармасының жанындағы
«Жақсы аудандық емханасы»
коммуналдық қазынашылық
кәсіпорнының бас дәрігері Н.Усина
«Қазақстан Республикасының ішкі істер
Министрлігі ішкі істер Департаментіні
Жақсы ауданы ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А.Жапаров
«Ақмола облысы Жақсы
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Н.Мельников
10 Аудандық шақыру коммисиясының ҚҰРАМЫ
Жақсы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 5 маусымдағы
№ А-5/202 қаулысына
1 қосымша
Аудандық шақыру коммисиясының ҚҰРАМЫ
Мельникова Николай Ильич "Жақсы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссиясының төрағасы
ТайтановаЖанна Егінбайқызы "Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің әкімшілік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы
Коммисия мүшелері
Есенғұлов Әділет Қуатұлы "Қазақстан Республикасының ішкі істер" Министірлігі ішкі істер Департаментінің Жақсы ауданы ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары
Әбілдаева Гүлжан Тарғынқызы "Ақмола облысы денсаулық сақтау Басқармасының жанындағы" Жақсы аудандық емханасы" коммуналдық қазынашылық кәсіпорны бас дәрігерінің емдеу-алдын алу жұмыстары бойынша орынбасары, медициналық коммисиясының төрайымы
Титова Екатерина Николаевна Ақмола облысы денсаулық сақтау Басқармасының жанындағы "Жақсы аудандық емханасы" коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының медициналық бикесі, коммисия хатшысы
11 ГРАФИК проведения призыва на воинскую службу
Жақсы ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 5 маусымдағы
№ А-5/202 қаулысына
2 қосымша
ГРАФИК проведения призыва на воинскую службу
№
п/п
Наименование сельских округов
Дни работы комиссии, время – с 8.30 до 18.00
апрель
май
июнь
октябрь
ноябрь
декабрь
1.
село Белагаш
17
12
2
5
3
7
2.
Беловодский с/о
17
12
2
5
3
7
3.
Есильский с/о
17
13
-
6
4
-
4.
село Жаксы
20
18
3
9
6
9
5.
Жана-Кийминский с/о
23
20
4
12
4
11
6.
Запорожский с/о
23
20
4
12
4
11
7.
Ишимский с/о
23
20
4
12
4
11
8.
Кайрактинский с/о
20
25
2
9
10
12
9.
Калининский с/о
20
25
2
9
10
12
10.
Кызылсайский с/о
21
25
2
9
10
12
11.
село Киевское
21
25
2
9
10
14
12.
Новокиенский с/о
21
22
2
14
12
14
13.
село Подгорное
24
22
2
14
12
14
14.
Тарасовский с/о
24
22
2
14
12
14
15.
Терсаканский с/о
22
15
-
12
4
11
16.
село Чапаевское
21
22
-
9
12
-
Расшифровка аббревиатур:
с/о – сельский округ